Фото: ашық дереккөзден
Немолчи қорының басшысы Дина Таңсәрі интимді фото, видеомен бопсалап жүрген қаскөйлерге қалай төтеп беру керегін айтып берді.
Әйелдердің құқығын қорғаушы бүгінгі таңда бұрынғы жұбайы, бұрынғы жігіті немесе бірге тұрған сүйіктісі қыздарды жиі интимді фотосымен бопсалап, ақша немесе тағы да сондай сипаттағы суреттер талап ететінін жағдайдар көп екенін айтты. Ол агрессордың манипуляциясына ерік бермеуге шақырды, деп жазады Smartnews.kz.
Сізді бопсалап жүргені туралы барлық дәлелді жинаңыз. Оның тұтқынына айналмаңыз. Саған не керек, менен не талап етесің деп бәрін ашық біліп алыңыз. Ақша сұраса, қанша сома екенін анықтаңыз. Содан кейін оның талабын скриншот жасап сақтап қойыңыз. Телефонмен сөйлескендеріңізді басқа телефонға диктофонға жазып алыңыз. Осы дәлелдермен полицияға жүгінесіз де, арыз жазасыз,
деді Таңсәрі.
«Бопсалау» бойынша тергеу жүргізілуі керек. Полицияға әрекетсіздік танытса, прокуратураға жүгіну қажет дейді ол. Оның айтуынша, бопсалаған сома қаншалықты көп болса, жаза да соншалықты ауыр болады. Бес жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. “Қорқытып, бопсалаған сәттен дәлел жинақтаңыз. Айтқан талаптарын орындамаңыз. Әйтпесе дәлелдеу қиынға соғып, іс ұзаққа созылады, деді Немолчи басшысы.
Ал интимді фотоны таратып жібергендерді ҚК 147 бабы Ж1еке өмiрге қолсұғылмаушылықты және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу” бойынша соттайды. Бұл үшін қаскөй бес жылға бас бостандығынан айырылады.
Интимді сипаттағы суретті желіге таратып жіберсе, қорқып, қоғамнан тығылмаңыз. Керісінше, шығып, мәлімдеме жасаңыз. “Бұл – фотошоп. Менің аккаунтыма алаяқтар бұзып кіріп, бопсалап жатыр. Енді біз полицияға арыз жаздық. Бәрін заң аясында шешеміз” деп айтыңыз. Сол кезде хейт те азырақ болады,
деді ол.
Кәмелетке толмаған адамды сондай суретпен бопсалау өте ауыр қылмыс және азғындық боп саналады.
Баладан интимді фото сұрау, интимді фотоны таратамын деп қорқыту ҚК 124-бабы “Балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша қаралады. Бұл қылмыс үшін 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…