Categories: Галерея

Иран моделі Канн фестиваліне «дарға асылған» образда келді

Шығу тегі ирандық америкалық модель және актриса Малага Джабери Канн кинофестивалінің қызыл кілеміне ерекше көйлек киіп келді. Джабери ирандық дизайнердің туындысы — асылатын жіпке ұқсас деталі бар қара көйлекті таңдаған.

Актриса өз еліндегі дарға асу түріндегі өлім жазасына наразылық білдіру үшін «Старый дуб» фильмінің премьерасының қызыл кілеміне осындай киіммен шықты.

«Иран жұртына арналады», — деп жазды қыз әлеуметтік желілерде.

Сондай-ақ, Джаберидің көйлегінің етегінде Stop executions («өлім жазасын тоқтату») деп жазылған суреттер де Желіде кездеседі, бірақ қызыл кілемнің өзінде шлейф бантқа жиналған.

Айта кетейік, Иранда осы жылдың басынан бері билік 209 адамды өлім жазасына кесті.

Ирандағы жаппай наразылықтар 22 жастағы Махси Амини қайтыс болғаннан кейін басталды, ол 2022 жылы 16 қыркүйекте хиджабты дұрыс кимегендіктен Тегеранда әдеп-ғұрып полициясының қатаң ұстауы нәтижесінде қайтыс болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago