Categories: Маңызды

Иранда наразылық шерулерінің екінші қатысушысы дарға асылды

Елдегі сот органдарының хабарлауынша, 23 жастағы Маджидреза Рахнавард дүйсенбіде таңертең Мешхед қаласында көпшілік алдында дарға асылды.

Жас жігітке «Құдайға қарсы шықты» деген кінә тағылып, екі қауіпсіздік қызметкерін өлтірді және тағы төрт адамды жарақаттады деген айып тағылды, ол мойындады.

17 қарашада бүлікшілер тобы дүкендерді жабу үшін олардың иелеріне қоқан-лоққы көрсетті,

деп мәлімдеді Мешхед мэрі.

Бұл – Иранның бір аптадағы екінші өлім жазасы. Біріншісі өткен бейсенбіде өтті және әлемнің көптеген елі бұл әрекетті құптамады. 23 жастағы Мохсен Шекариге де дәл осындай айып тағылды, ол да Тегерандағы Басидж мүшесіне шабуыл жасады деп айыпталды.

Баспасөз сұрақтарына жауап бере отырып, Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі болған оқиға ішкі іс екенін айтты.

Оның айтуынша, халықтың демонстрацияларға толық құқығы бар, бірақ бұл наразылық білдіруші емес, бүлікші болды.

Өлім жазасы халықаралық қоғамдастықтың сынына алып келді, ол өз кезегінде Иранға қарсы санкцияларды күшейтуі мүмкін.

Мен Иранның Сыртқы істер министрімен ұзақ сөйлестім. Біз өлім жазасы туралы тілдестік. Мен Еуропалық одақтың бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп отырғанын және мұны құптамайтынын, сондай-ақ санкциялар туралы хабарладым,

деді Еуропалық дипломатияның басшысы Джозеп Боррель.

HRANA құқық қорғау тобының мәліметіне сай, 11 желтоқсандағы жағдай бойынша Иранда 488 наразылық білдіруші, оның ішінде 68 кәмелетке толмаған, сондай-ақ қауіпсіздік күштерінің 62 қызметкері қаза тапты.18 259 демонстрант қамауға алынды.

Наразылық толқыны қайдан шықты?

Иран қоғамындағы наразылық түтіні баяғыда түтенген. Алайда бұрын-соңды болмаған шерулердің өршуіне 22 жастағы қыздың өлімі себепші болды. Ол хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция қызметкерлері тарапынан соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды.

Аталған оқиғадан кейін Иран әйелдері мен қыздары ашық түрде хиджабтарын өртеп, шаштарын қиып тастады. Бұл әрекеттерін камераға түсіріп, бүкіл әлемнің назарын аударды. Артынша Сирия мен Францияның әйелдері де олардың әрекеттерін қайталай бастады. Тіпті хиджабты өз еркімен киетіндері де Иран билігінің әрекетіне қарсылық білдірді.

Хиджаб – бет пен денені толық жауып тұратын матадан тігілген киім. Ол 1979 жылы Ислам революциясы жеңіске жеткен соң Ирандағы әйелдер үшін міндетті болды. Оны көшеде дұрыс кимей жүргендер заңға қарсы шықты деп айыпталып, қамауға алынуы мүмкін. Тіпті осы жағдайда соққының астында қалатындары да бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago