Categories: Маңызды

Ирандағы әйелдер наразылығы ислам режимін бұза ала ма?

22 жастағы студент Махса Аминидің хиджабты дұрыс кимегені үшін әдеп-ғұрып полициясының қолына түсіп, болжам бойынша полицияның ұрып-соғуынан кейін қайтыс болуы Иран жұртшылығын дүр сілкіндірді. Қыркүйектің ортасында басталған наразылық толқыны әлі басылмай тұр.

Ер адамдардың қарсы шығуы — тұңғыш рет

Алғашқы толқулар негізінен күрдтер тұратын елдің батысындағы Ошневие қаласында, Махса Аминидің отанында басталды. Онда наразылық білдірушілер бірнеше күн бойы қаланы толығымен басып алып, қауіпсіздік күштерін ығыстырып жіберді. Осыдан кейін наразылықтар елдің барлық дерлік аумағына таралды және Иранның барлық 31 провинциясында өтті.

Әзірше 35 адамның қайтыс болғаны белгілі, жүздеген адам ұсталды, соның ішінде журналистер мен блогерлер.

Әйелдер бастаған көтеріліске ер адамдар да қосылды. Иран тарихында алғаш рет олар бір мүдде үшін күресті. 1979 жылғы төңкерістен кейін әйелдер қоғамдағы көптеген іргелі құқықтарынан айырылған болатын, соның ішінде жалғыз жүріп-тұруға тыйым салынды, жұмыс істеуге құқығы жоқ, 7 жастан асқан балаларға қамқорлық ала алмайды. Ерлердің көбі бұл ережелерді құп көріп, келіскен. Бірақ бұл жолы ер адамдар әйелдермен бірге наразылық акцияларына қатысып, прогрессивті өзгерістерді талап етіп жатыр.

Көптеген сарапшылар ирандық әйелдер бастаған наразылықтар революциялық сипатқа ие және Ирандағы бұзылмай келе жатқан ислам режиміне соққы жасайды деп есептейді.

Бәріне АҚШ кінәлі

Ирандық әйелдерді қолдауға арналған наразылықтар Ұлыбритания, Канада, Франция, Польша, Чили және Иракта да өтті.

БҰҰ Иран билігін бейбіт демонстрацияларға рұқсат беруге және Махса Аминидің өліміне қатысты бейтарап тергеу жүргізуге шақырады.

Сонымен бірге, Иран президенті Ибрахим Раиси үкіметті қолдайтын митингіде үкімет наразылық білдірушілердің сынына құлақ асады, бірақ тәртіпсіздіктердің елдің қауіпсіздігін бұзуына жол бермейді деп мәлімдеді.

Ал Иранның жоғарғы басшысы Аятолла Али Хаменеи тәртіпсіздіктерге АҚШ пен Израильді кінәлады.

Мен бұл тәртіпсіздіктер мен тұрақсыздықты АҚШ пен Израиль режимі жоспарлағанын және олардың қарамағындағылар мен шетелдегі кейбір опасыз ирандықтар оларға бұл істе көмектескенін анық айтамын,

деп жеткізді Tasnim агенттігі Хаменеидің сөздерін.

Диктаторға — өлім!

Бұдан кейін наразылыққа мектеп оқушылары мен студенттер шықты. Иран қалаларының біріндегі орта мектеп оқушылары антиклерикалды ұрандар айтып, хиджабтарын бұлғап тұрған видеолар әлеуметтік желілерде пайда болды.

Дүйсенбіде әлеуметтік желілерде Тегеранға жақын орналасқан Кередж қаласынан видео пайда болды. Хиджабын шешкен қыздар жергілікті шенеунік сияқты ер адамды мектептен қуып жібереді.

Видеода олар «Масқара сендерге!» деп айқайлап, ер адамға бос пластикалық бөтелкелер лақтырады.

Кереджде түсірілген басқа видеоларда мектеп оқушылары: «Егер біз топтаспасақ, бізді бір-бірден өлтіреді!» деп айқайлайды.

Иранның оңтүстігіндегі Ширазда дүйсенбіде ондаған мектеп оқушылары басты көшелердің бірін жауып, хиджабтарын желбіретіп, «Диктаторға — өлім!» деп ұрандатады. Бұл Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Али Хаменеиге қатысты сөздер екені анық, елдегі барлық саяси шешімдерді сол қабылдайды.

Сондай-ақ, сейсенбіде Тегеранда және күрдтердің Секкезе және Сенендедж қалаларында мектеп оқушыларының наразылықтары туралы хабарланды.

Кейбір мектеп оқушылары хиджабсыз, ал басқалары ортаңғы саусағын екі ирандық аятолла — Хаменеи мен Хомейнидің портреттеріне көрсетіп тұрып суретке түскен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago