Ішкі істер министрлігі Қыран Талапбекті медальмен марапаттады

Танымал мобилограф Қыран Талапбек озат шәкірт тәрбиелегені үшін Ішкі істер министрлігінің медалімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыранның айтуынша, мобилография курсын оқыған шәкірті Ішкі істер министрлігінде қызмет етеді.

“Бүгін таңның атысымен мені полицияға шақырды. “Не жағдай?” деп түсінбей барсам, одан да бетер таңғалдым. Маған Ішкі істер министрлігінен медаль берді. Ешқадай суға батқан адамды құтқармап едім, қыздың сөмкесін ұрлаған ұрыны ұстамап едім. Сөйтсем бәрінің сыры мынада екен. Қысқасы, Қайсар есімді жігіт 2020 жылдан бері мобилография курсын өткен. Менің оқушым. Қайсар қазір өзінің мобилограф шеберлігінің арқасында Ішкі істер министрлігіне үлкен үлес қосып, керемет контент жасап жүр. Шәкіртім полиция мобилографы. Осыдан екі-үш жыл бұрын “Барлық жерде бір-бір мобилограф болады” деп айтып едім. Ал маған бұл медальді Қайсардай мықты әрі нәтижелі шәкірт тәрбиелеп шыққаным үшін берілді. Құрметі үшін рахмет! Түрім медаль тағатын адамға ұқсамаса да, медальмен түрім осындай”, – дейді Қыран Талапбек.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago