Categories: Оқиға

Италияда қаза тапқан қазақстандық студент туралы тың деректер шықты

Италияда қаза тапқан 27 жастағы қазақстандық ару  Назарбаев Университетінің түлегі болған. Университет өкілдері Әсем Жарбосын туралы мәлімдеме жасап, оның отбасына көңіл айтты.

«Назарбаев Университеті 2023 жылдың 17 қаңтарында Әсем Жарбосынның кенеттен және кездейсоқ қаза табуына байланысты шын жүректен көңіл айтады. Ол 2020 жылғы Назарбаев Университетінің химия және материалдар инженериясы мамандығы бойынша магистратураның түлегі болды», — делінген хабарламада.

2021 жылы Әсем Салерно университетінің (Италия) докторантурасына түсіп, TUSAIL жобасы бойынша берілетін стипендияның иегері атаныпты.

«Ол бұл стипендияға Назарбаев Университеті магистратурасында оқып жүрген кезінде жүргізген алғашқы зерттеулерінің нәтижелері үшін ие болды», — деп атап өтті университет.

Сондай-ақ мәлімдемеде бұрынғы әріптестері Әсемді ғылымға құмар, әлемге көмектесуді армандаған ақкөңіл, жанашыр, өршіл жас әйел ретінде еске алатыны атап өтілген.

Әсем нәзік әрі ұялшақ, ерекше сұлу, өте ақылды және дарынды қыз болды, ол дарынды балаларға арналған мектепте оқыды, домбырада керемет ойнайтын. Барлық ата-ана  Әсем сияқты қыздары болғанын қалар еді. Әсем менімен бірге мектеп бітірді. Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын бітіргеннен кейін Назарбаев Университетінің магистратурасына түсіп, оны сәтті аяқтады,

деп келтіреді университет Астана Ұлттық зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Әлия Мұқанованың сөзін.

«Ғылымның дамуына үлес қосып, өмірі күтпеген жерден аяқталған Әсем Жарбосынның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. НУ түлектері қауымдастығы Әсем Жарбосынның отбасына қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатыр», — деп қосты университет.

Қайғылы оқиға 17 қаңтар күні кешке болған. Салерно университетінің 27 жастағы докторанты көшеден өтіп бара жатқанда, оны Меркато Сан-Северино қаласының 20 жастағы тұрғыны басқарған сұр түсті Peugeot 308 көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен. Оқиға Станислао Листа көшесінде, Джузеппе Верди атындағы опера театрының жанында болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago