Фото: polisia.kz
Руслан Леонтьев бір апта бұрын жоғалып кеткен. Ол соңғы рет 16 маусым күні жеке автокөлігімен Заңғар ауылынан шыққан. Ол ауылдан шығып, үйіне келу керек болған. Алайда жолда келе жатып, қоштасу видеосын әлеуметтік желіге жүктеп, жақындарының зәресін ұшырған. Сол күні кешке туыстары іздеу салып, еріктілер мен полицияға жүгінген.
Бір апта бойы еріктілер мен полиция Семей тасжолының бойын, Ертіс өзенінің жағалауын түгелдей аралады. Соңғы рет оның байланысқа шыққан жеріне сүңгуірлер қажет болды. 25 маусымда Ертіс өзенінде іздеу жұмыстары барысында 4 құтқарушы эхолоттың көмегімен шамамен 5 метр тереңдікте және жағадан 10-15 метр қашықтықта автокөлік тапты.
Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, 16 маусымда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен тұрғынның денесі Етістен табылды. “Сүңгуір суға кіріп, көліктің төбесінде жатқанын растады. Арнайы техниканың көмегімен машина жағаға көтеріліп, 102 қызметіне берілді,
делінген хабарламада.
Салонның ішінен жоғалған Руслан Леонтьевтің мәйіті табылды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…