Фото: ашық дереккөзден
Былтыр Алматыда 330 аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамдар қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Олардың бәрі Боралдайдағы «Батыс» зиратына жерленген.
Зиратқа көмілген марқұм кісілердің кім екенін ажырату мүмкін емес. Тек маңдайшасындағы темірдегі сан арқылы ғана олардың кім және неден қайтыс болағанын анықтауға болады. Барлық деректер медициналық сараптама жасаған мәйітханада сақталады.
Аты-жөні белгісіз денелер ағаш табыттарда жеке қабірлерге көміледі, ағаш баған және металл нөмір орнатылады, яғни қабір нөмірі беріледі. Қайтыс болған адамның барлық деректері медициналық мекемелерден түскен мәліметтерге сәйкес, қайтыс болғандарды тіркеу кітабына жазылады. Зират әкімшілігіне қайтыс болған адамның туыстары жиі жүгініп, көз жұмған адамның жерленген жерін табуды сұрайды,
деп мәлімдеді «Алматы қаласының салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШС.
Айта кетейік, бұл компания өткен жылы салттық қызмет көрсету бойынша конурсты жеңіп алған.
Мүрделерді жерлеуге және биологиялық қалдықтарды көмуге жергілікті бюджеттен 2021-2022 жылдары 17 400 000 теңге бөлінді. Аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамдардың жерлеу және тасымалдау қызметтерінің құны 45 873 теңгені құрайды,
деді мәлімдеді «Алматы қаласының салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШС.
Айта кетейік, «Батыс» зиратында әртүрлі дін өкілдерінің мүрдесі араласып жатыр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…