Categories: Қоғам

Іздеушісі жоқ байғұстар байлардың қойын бағып құл болып жүр

Өткенде Алмасбек Садырбаев шопандардың жағдайы туралы, оларға көптеген жақсылықтар мен игіліктер беру туралы айтты.

Сонда «малшылар, шопандар» деп мемлекеттен жер алып, субсидия алып, осындай іздеушісі жоқ байғұстарға қойын тегін бақтырып, жекеменшік малдарын көбейтіп отырған, еттің, малдың бағасын қымбаттатып, әсіресе Құрбан айт кезінде қойдың бағасын екі есе шарықтататын байшыкештерді айтты ма?

Әлде Жақсылық сияқты, қысы-жазы айдалада құл боп қой бағып жүрген шопандарды айтты ба?

Мына кісі 5 жыл хабар-ошарсыз, із-түзсіз жоғалып кеткен. Туысқандары өз беттерінше сұрау салып іздеген, таппаған. Полицияға іздеу салу туралы барған, бірақ арыз жазбаған. Оған бірнеше фактор себеп болған:

  • Бұл адамның бірде-бір суреті болмаған. Полициядағылар соңғы жылдардағы суретін сұраған. 2000 жылдардағы сапасыз ескі суреті жарамсыз болған. Ары қарай ізденуге туысқандарының сауаты жетпеген. Әрі олар Шымкентте тұрады, әрқайсысы өз тіршілік қамымен. Ал бұл кісі жоғалғанға дейін Ұзынағашта «петакта» жүрген, тиын-тебенге әртүрлі қара жұмыс істеген.
  • Бұл кісі сонау жылдары туысқандарымен бір тізімде квотаға ілініп, солармен бірге Өзбекстаннан келгенімен, азаматтық алмаған. Паспортын да жоғалтқан. Құжатсыз далада қалған. Туыстарына да бара алмаған, бір хабарын да бермеген. Телефоны да болмаған.
  • Өзі әріп танығанымен, жазып-сызуды білмейді.

Аты-жөні Әлібаев Жақсылық Әділханұлы. 1974 жылғы. Менің ауылдасым, құдам, жерлесім, інімнің класстасы…

деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Бес жыл бұрын Ұзынағашта «петакта» отырған жерінде Нұржан А. деген адам келіп жұмыс ұсынған: «Қой бағасың ба? Ай сайын еңбекақы беремін, жер алып беремін, үй салып беремін» деген. Бұл қуана-қуана келіскен. Ол адам бұны солай алдап алып кеткен. Содан кейін бұны ешкім көрмеген. Оған дейін Алматыдағы туыстары, жерлестері анда-санда көріп тұрған, бірақ кейінгі бес жылда із-түзсіз жоғалтып алған.

Жақында қой шаруашылығымен айналысатын бір жерлестері бұны Алматыдан 200 шақырым жерде, Жамбыл ауданы Сарыбастау, Шиен деген жақта, иен далада қой бағып жүргенін көріп қалады да, суретке түсіріп, туыстарына жібереді. Оған «мені алып кетші» деп жалынады.

Бүгін туысқандарымен бірге барып, мал бағып жүрген жерінен алып келдік…

Бес жыл бойы, қыстың қақаған боранында, жаздың аптап ыстығында құл болып тегін мал баққан.

Енді құзырлы органдарға сұрақ:

1. Аңғал, аңқау, сауатсыз, құжатсыз адамды алдап алып кетіп, бес жыл малын бақтырған Нұржан А. заң бойынша жауапқа тартыла ма? Құжаты жоқ адамды туыстарымен де байланыстырмай бес жыл мал бақтырғаны үшін жауап бере ме? Бұл кісі бес жылдық адал еңбек, маңдай терін, еңбекақысын өндіріп ала ала ма?

2. Бұл — Өзбекстаннан баяғыда көшіп келгенімен, не азаматтық алмаған, не құжаты жоқ. Соңғы рет тіркеуде Жетісайда тұрған. Азаматтық беріп, құжатын жасаудың жолдары қандай? Еңбегін қанаған қожайынының үстінен құжатсыз арыз жаза ала ма?

3. Жәбірленуші ретінде заңды өкіліне (мысалы, туысқанына немесе адвокатқа) өзінің құқығын қорғау үшін Сенімхат бере ала ма?

Заңгерлердің және Құқық қорғау органдарының кеңесі артық болмайды.

Адамды құлдықтан құтқару мұсылманның міндеті, Пайғамбарымыздың сүннеті емес пе?..

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago