Маңызды

«Израиль жойылсын» дейтіндер «домбыра — харам» дегеннен басқа бізге ештеңе үйрете алмайды

Экономист Айбар Олжаевтың айтуынша, кейінгі кезде болып жатқан оқиғалар hard reset сияқты қолданылатын болған. Әзірбайжан оны ұтымды пайдаланып, 32 жылдық Қарабақ мәселесін шешті. Тіпті Армения да артық жүкті иығынан тастап, Ресей алдындағы гештальтін жапты. Енді Армения еурорельске түсіп, Франция протекторатына кірмекші деген болжам бар.

Экономист Таяу Шығыстағы Хамас-Хезболла-Цахал триодрамасы Қазақстан экономикасына 2 бағыт бойынша әсер етеді деп болжайды:

1. Мұнай бағасы

Таяу Шығыстағы кез-келген қауіпті құбылыстар мұнайға деген ұзақмерзімді сұранысты арттырады. 1973 жылғы араб-Израиль соғысында мұнай бағасы 4 есе қымбаттаған болатын. Макроэкономикалық тұрғыдан, егер мұнай сұранысы артатын болса, біз ұзақмерзімді бюджеттік жоспарлауға көше аламыз. Қазіргі сәтте 10 жылдан кейін мұнаймен не боларын түсіне алмай отырғандықтан, мемлекет ұзақмерзімді капиталды шығындар мен жобаларға кірісуден қаймығып отыр. Егер мұнайға сұраныс қатты артса, 2030 жылға қарай Ұлттық қорымызда 100 миллиард доллар жатуы мүмкін.

2. Иранның соғысқа араласуы

Иран біздің транзиттік, шикізаттық бәсекелесіміз және транскаспийлік Тұран осіне негативті көзқараспен қарап отырған ел. Сондыққан парсылармен көп жерлерде мүддеміз сәйкес келе бермейді. Бірақ Тегеранның Хамас пен Хезболла жағында Израильмен соғысқа араласуы бізге тиімсіз. Себебі Каспий акваториясы мен Зангезур коридорларының өткізу қабілеті төмендеп, біздің аймақтан инвесторлар кете бастамақ. Негізі, Казақстанның жеті көршісі бар. Иран-Израиль, Қытай-Тайвань, Қырғыз-Тәжік қақтығыстары басталса, Ресейді есептегенде жеті көршінің төртеуі соғысып жатқаны бізге тұрақтылық тұрғысынан да, экономика жағынан да жақсы болмайды.

Сондай-ақ, Айбар Олжаевтың пікірінше, қазақтар қанша жерден Палестинаны қолдаса да, Қазақстан Израильге тәуелді.

Араб фанатиктері Израиль деген елдің жер бетінде болмағанын қаласа, біз үшін еврей мемлекеттілігі өте қажет. Биыл біз 288 миллион долларға Израильға мұнай саттық. Онымен бірге, Тель-Авив бізден күкірт сатып алып отырған азғантай клиенттің бірі. Олар Балқаштың кептірілген балығын жақсы көреді. Биыл Израильға 303 миллион теңгенің тауарын (шикізатын) саттық. Өз кезегінде олардан калий тыңайтқышын, медициналық құралдар, косметика мен дәрі-дәрмек аламыз. Олардың биылғы импорты 46,8 миллион доллар. Тауар айналымында жағымды сальдо біз жақта,

деп жазды ол.

Және де ол Израиль бізге болашақта ауадай қажет болатынын айтады. Су жетіспей бара жатқандықтан, ауыл шаруашылығымызды тамшылап суару жүйесіне толық ауыстырып беру тек осы Израильдің қолынан келеді. Қазақстан «Палестина мұсылмандар ғой» деп жалбақтап, саяси қателік жіберіп алмаса, келесі жылдан бастап екі ел арасындағы байланыстың нығайғанын көре аламыз, деп болжады ол.

Орталық Азиядағы ең үлкен Синагога Астана төрінде жарқырап тұр. Кейде достарымызбен Шалом деп амандасып қоямыз. Әбілқайыр хан билік еткен Ақорда заманынан бері қазақ пен еврей бір-бірін тани бастады. Сол уақыттан бері қазақтар еврей халқының технологияларына, қаржы саласындағы құралдары мен әдістемелеріне ұмтылып келеді. Израильдан аларымыз көп. Ал Израиль жойылсын деп жүргендер бізге «әруақ — ширк, домбыра — харам» дегеннен басқа ештеңе үйрете алмайтынын 2023 жыл анық көрсетті,

деп қорытындылады ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

7 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

14 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

14 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

14 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago