Categories: Экономика

Үй тапшылығы әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін

Былтыр Қазақстанда «жастар» ұғымы кеңейді: қазір республикада 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар жастар болып саналады. Биыл жыл басында елімізде 6,05 млн жас болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 17 мыңнан астам адамға көп. Бұл ҚР халқының шамамен 31%-ы.

Қазақстанда қазірдің өзінде 35 жасқа дейінгі 11,53 млн адам бар, бұл бір жыл бұрынғыдан 32,5 мыңға көп. Бұл республика халқының жалпы санының 58%-нан астамы. Еске салайық, ҚР-да балалар айтарлықтай көбейді, яғни он бес жылдай уақыттан кейін олар жастардың санын көбейтеді деген сөз.

Жастар — тұрғын үйге аса мұқтаж халық санатының бірі. Бүгінгі таңда жастардың баспана мәселесін шешудің қолжетімді нұсқасы — Отбасы банкінің жастарға арналған арнайы өңірлік жеңілдік бағдарламалары. Бағдарламалар Астана, Алматы, Шымкент, Жетісу, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ұлытау облыстарын қамтиды. Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жастар бағдарламаларын іске қосу жоспарлануда.

Жалпы, ҚР өңірлерінің ішінде жастардың Алматы қаласында ең көп (722,9 мың адам немесе қала халқының 33,4%-ы), одан кейін Түркістан облысы (682,1 мың адам немесе өңір халқының 32,2%-ы) және Астана (468,4 мың адам немесе елорда тұрғындарының бірден 34,6%-ы). Сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Ақтөбе облыстары мен Шымкентте де жастар көп.

Тұрғын үйге деген қажеттілікке келетін болсақ, ол шын мәнінде елде өте жоғары деңгейде қалып отыр. Айталық, отбасылардың 70%-дан астамы бір адамға 20 шаршы метрден аспайтын тұрғын үйлерде тұрады Еске салайық, БҰҰ стандарттары бойынша, көрсеткіш кем дегенде 30 шаршы метр болуы керек.

Оның үстіне, екі адамнан тұратын отбасылардың әрқайсысында 20 шаршы метрден келетін жағдай жиі кездеспейді (үй шаруашылықтарының 54,9%-ы ғана), алайда жас отбасында балалардың туылуымен жағдай күрт нашарлайды. Осылайша, үш адамнан тұратын үй шаруашылықтарының (мысалы, ата-анасы мен бір баласы) 80% -дан астамы бір адамға 20 шаршы метрден аз үйде тұрады. Ал екі балалы ерлі-зайыптылардың үйінде жан басына шаққанда 20 шаршы метрге жетпейтіндердің үлесі тіпті 90% шамасында.

Ең сорақысы, төрт адамнан тұратын отбасылардағы қазақстандықтардың шамамен 7%-ы және бес және одан да көп адамнан тұратын отбасылардың 9%-ы жан басына шаққанда 5 шаршы метрлік қана үйде тұрады.

Жалғыз тұратын қазақстандықтар арасында мұндай жағдай кездеспейді, балалары жоқ ерлі-зайыптылар арасында кездеспейді деуге болады. Осының барлығы қазақстандықтардың бала тәрбиелеуіне кедергісін келтіреді, демографияға теріс әсер етуі мүмкін және жалпы әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін. Сондықтан халықтың ең белсенді тобына — жастарға бағытталған тұрғын үй бағдарламалары мемлекеттің бейбіт және бақуатты өмірін қамтамасыз ету үшін қажет.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago