Categories: Галерея

«Ұйқым келмейді» әніне автор жаңа дем берді

Осыдан екі ай бұрын бұқараның қызу талқысына түсіп, сынға ұшыраған Алина Шакиеваның орындауындағы «Ұйқым келмейді» әнін авторы Диана Исмаил өз нұсқасында орындады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Алина Шакеева әннің сөзін жазған Рамазан Амантай, ал әнін жазған Диана Исмаилова екенін айтқан еді. Диана Исмаилова әнді «Хабар» телеарнасының Cover show музыкалық бағдарламасында орындаған.

Жұртшылық Диана Исмаилдың орындауында әнді жылы қабылдады:

«Диана жүрекке жылы жеткізді, тәтті ұйқыға кетесің ғой, солай айтып шықты», «Ешнәрсесі жоқ, тамаша өлең, өзі сұлу, даусы да сұлу екен, бақыт тілеймін», «Бұл әннің әні де, сөзі де тәп-тәуір. Тек жеткізуші кәсіби әнші болмаған соң, Желіде күлкіге айналды», «Сөздерінің ұйқасы да керемет, кәсіби ақын жазғаны көрініп тұр, түсінген адамға! Басынан осы әнді Диана немесе Ерке Есмахан айтқанда, ән бұлай шу болмас еді…», «Керемет тамаша орындайды, Диана!»

деп жазды пікір білдіргендер.

Әншінің өнердегі әріптестері де бұл ән жаңа тынысқа ие болғанын айтқан.

«Сынау әрқашана оңай. Адамдар үнемі қызық нәрсеге қарай алмайды. …Бір-бірінен қайталап сала береді ғой сынап. Одан да өздерің бірдеңе ойлап табыңдар. Диана Исмайылдың орындауында әннің шынайы идеясы ашылды»,

деп жазды Айдана Меденова Желіде.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago