Categories: Қоғам

Ұйғыр ауданының атауы өзгерсін! Тоқаевқа үндеу жасалды

Ұйғыр ауданының тұрғындары Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Үндеуінде «Ұйғыр ауданының атауы өзгертілсін!» деп талап қойды.  Аудан атауына қатысты наразылық білдіргендер тіпті, билік өкілдері бір айдың ішінде жауап бермесе, онда заңды түрде митинг өткізіп,  киіз үй тігіп, дегенімізге жеткенше қарсылық білдіре береміз деп отыр.

 Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылының тұрғындарымыз деген бір топ «Қазақ – қонақжай халық. Бірақ, қонағымызды төрге шығарғанымызбен басымызға шығармаған халықпыз» дейді. Жастардың наразылық білдірген сәті түсірілген видео Youtube-тағы «Журналисттік зерттеулер агенттігі» арнасында жарияланды. Артынша әлеуметті желілерде тарап кетті. Қазір аталмыш аудан атауын өзгерту бойынша жастардың талабын желі белсенділері қызу талқылап жатыр.

«Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз Ұйғыр ауданы атауының ауысуын жоғары биліктен заңды түрде талап етеміз. Біздің мақсатымыз — ұлтаралық қақтығыс туғызу немесе екі ұлт арасында от салу емес. Біз тек осы уақытқа дейінгі Амандық Баталов сияқты әкімдердің аудан атауын ауыстарымыз деп берген уәделерінің орындалғанын қалаймыз! Егер ұйғыр ұлты осы елді өз Отаны санаса, су ішкен құдығына түкірмейтін халық екені рас болса, осы аудан атауының қазақшалануына бірге үлес қоссын!», – делінген жергілікті тұрғындардың видеоүндеуінде.

Сонымен қатар аудан атауын өзгертуді талап еткендер нақты мақсатын да айтып өтті. Олар ұлтараздығы болғанын қаламайды. Тек әкімдердің өз уәделерінде тұрғанын қалайды.

«Біздің мақсатымыз – ұлтаралық қақтығыс туғызу немесе екі ұлттың ортасына от салу емес. Біз тек осы уақытқа дейінгі Амандық Баталов секілді әкімдердің аудан атын ауыстырамыз деп берген уәделерінің орындалғанын қалаймыз»,

дейді бір топ жас.

Еске салсақ, Ұйғыр ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1934 жылы құрылған. Аудан орталығы — Шонжы ауылы. Аудан халқының саны 63 288 адам (2019), ұлттық құрамы: ұйғырлар (57,91%), қазақтар (40,06%), орыстар (1,58%), өзбектер (0,17%), басқалары (0,45%). Соңғы жылдары жергілікті тұрғындар мен қоғам белсенділері, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері тарихи әділдіктің орнауын талап етіп, ауданның атын өзгерту мәселесін қайта-қайта көтеріп жүр.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago