Атақ және ақша

«Қызым туылса, оны тек төртінші әйел қылып беремін»: Үш әйелі бар кәсіпкердің мәлімдемесі елдің ашуына тиді

Тележүргізуші Әсел Асқар мен бағдарламаға қонақ ретінде шақырылған үш әйелі бар Ақылбек Меңдіғалиұлы арасындағы дау қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әсел Асқар Ақылбек Меңдіғалиұлына «Үш қатынды не үшін алдыңыз?» деген сұрақ қойды.

Алғым келген соң алдым. Маған бәйбішенің рұқсаты керек емес. Олардың рұқсатының маған қажеті не? “Оқымаған адам қиын, оқымаған қатын мүлдем қиын” деген әңгіме болып тұр. Мен үшін үш  қатын да аз.

Бағдарлама жүргізушісі Әсел Асқар студия қонағының бұл сөзіне шамданып қалды.

Мен сіздің қатыныңыз емеспін. Сіздің маған олай айтуға құқығыңыз жоқ. Үйдегі әйелдеріңізді қалай атасаңыз да өз еркіңіз. Бірақ бізге ондай әңгіме айтпаңыз,

деді ашуға мінген Әсел Асқар.

Үш әйелі бар кәсіпкер әйел тек ер адамның рахаты үшін жаратылған деп ойлайтынын жасырмады.

Әйелдер дандайсып, өздері шешім қабылдап, күйеуінің рұқсатынсыз анда-мында кете беретін болса, ол оның еркектен көп табыс табатынын іс-әрекетімен көрсетеді. Иә, әйел ол туралы айтып, жанжал шығарып жатқан жоқ, бірақ амалымен көрсетіп отыр. Сен қойныңдағы қатыныңның не істеп, не қойып жүргенін білмейсің. Әйел – еркектің қуанышы, жеңілдігі мен рахаты үшін жаратылды. Болды, тек осы үшін. Ризық-несібенің барлығы еркектің мойнында,

дейді Ақылбек Меңдіғалиұлы.

Ал Әсел Асқар бұл пікірге мүлдем қарсы: “Әйел – өзіне би, өзіне қожа. Бізде қожайын жоқ. Қожайынымыз болатындай біз ит немесе мысық емеспіз. Өзіміз ақша табамыз, балаларымызды асыраймыз, жұмыс жасаймыз”, – дейді бағдарлама жүргізушісі.

Кәсіпкердің тағы бір мәлімдемесі көпшіліктің жағасын ұстатты.

Мен үш әйеліме:

Қыз тусаңдар, оларды тек екінші, үшінші, төртінші әйел қылып беремін” деп айтып қойдым. Бірінші әйел қылып та бермеймін. Қыздарымды 18 жаста байға беремін,

дейді кәсіпкер.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago