«Әйелдер үшін нағыз сұмдық басталды»: ресейлік блогер Түрікменстанға назар аударуға шақырды

Танымал ресейлік блогер Илья Варламов 8 наурызда Instagram парақшасында Түрікменстан төлқұжатын ұстап тұрған суретін жариялап, осы елдің азаматтығын алғанын мәлімдеді.

Бұл енді құпия емес. Бірнеше жыл бұрын мен ерекше бір шытырман оқиғаға киліктім. Бүгін Ыстамбұлдағы елшілікте Түрікменстанның азаматтығын қабылдадым және төлқұжатымды алдым. Қараңыздар және қызығыңыздар, мен енді азаматпын. Алда көшу және көптеген қызықты контент күтіп тұр,

деп жазды Варламов.

Бұл жаңалықты көптеген ресейлік және қазақстандық басылымдар жарыса жазды. Алайда бүгін Варламов Facebook парақшасында бұл фейк-жаңалық екенін мәлімдеді. Айтуынша, бұл ақпаратты таратқан басылымдардың ешбірі оған хабарласып, жағдайдың мән-жайын сұрамаған.

«Кеше Түрікменстан азаматымен әңгімелесудің реті түсті. Ол диктатурада қалай өмір сүріп жатқанын, жаңа ақылған қонымсыз ережелер мен заңдар туралы, Бердімұхамедовтардың бассыздығы туралы айтты. Содан кейін мен оның төлқұжатымен суретке түстім.

Біреу өз еркімен түрікмен төлқұжатын алғысы келеді деген ой, онымен тағы мақтану тіпті ақылға қонымсыз болып көрінді, сондықтан мен фотосуретті әзіл ретінде жариялауды шештім. Мен бұған ешкім сенбейтініне сенімді болдым. Бұл: «Достар, мен Солтүстік Кореяға көшуді шештім» дегенмен бірдей. Бірақ кенеттен әзілім өз бетімен өмір сүре бастады. Таныстарым мен достарым құттықтап жазды! Қызғанышпен қарағандар да болды, қалай алуға болатынын сұрады! «Илья, саған жарасады, көзіңнің түсімен бірдей!» деп жазды. Журналистер мұны жаңалық етіп жаза бастады («Ведомости», «Коммерсант» және басқаларға сәлем) және ешкім маған пікір алу үшін хабарласпады. Бекер», — деді блогер.

Блогердің дәл осы күні Түрікменстан төлқұжатымен суретке түсуінің өз сыры бар болып шықты. Айтуынша, әлем Түрікменстанға назар аударуы керек, себебі мұнда әйел құқығы тапталып жатыр.

— Әйелдерге көлік айдауға тыйым салынды және тіпті алдыңғы орындыққа отыруға да болмайды

— Елде барлық сұлулық салондары жабылып, кез-келген косметикалық процедураларға тыйым салынды

— Тіпті маникюр жасатуға және косметика қолданға болмайды

— Түсік жасату мүмкін емес болып барады

— Үйленбеген болса, ер адаммен бірге көпшілік жерде отырға да болмайды» деп Варламов елдегі әйелдерге қолданылатын «жабайы» заңдарды тізбектеді.

Блогердің айтуынша, Гурбангулының ұлы билікке келгеннен кейін елдегі әйелдер үшін нағыз сұмдық басталды. Күн өткен сайын абсурд заңдар мен тыйымдар қабылдануда.

Бірақ бұл туралы ешкім жазбайды немесе айтпайды. Батыс бұқаралық ақпарат құралдары тергеу жүргізбейді, демократиялық елдердің басшылары алаңдаушылық білдірмейді. Барлығы түрікмендердің проблемаларына мән бермейді. Көпшілігі Түрікменстанды жабайы шығыс елі ретінде қабылдайды. Ал бұл қазіргі кездегі ең қатал диктатуралардың бірі,

деп ашынды Илья Варламов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

14 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

15 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago