Categories: Қоғам

Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқара ма – премьер жауабы

Премьер-министр Әлихан Смайылов әйелдердің зейнетке шығу жасын әр бала туған сайын 2 жылға қысқарту туралы депутаттардың ұсынысына жауап берді.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы компоненттерін қамтитын 3 деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

Оның мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады.Сондай-ақ әйелдер үшін олардың жұмыс ерекшеліктерін ескеріп, еңбек өтілін есептеуде жеңілдіктер қарастырылады. Мысалы, зейнетақы төлемін тағайындау барысында әйелдердің еңбек өтіліне бала күтіміне байланысты аналардың жұмыс істемеген уақыты да есепке алынады. Сонымен қатар бала күтіміне байланысты демалыстағы жұмыс істейтін әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне үздіксіз қатысуын қамтамасыз ету үшін 2014 жылдан бері республикалық бюджеттен міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау жүргізіледі,

деп жазылған Әлихан Смайыловтың жауабында.

Ол президент тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап бала күтіміне берілетін жәрдемақы 1,5 жылға дейін ұзартылғанын атап өтті.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысы кезінде әйелдер үшін зейнетке шығу жасын әр бала үшін 2 жылға қысқарту оларды болашақта лайықты зейнетақы төлемімен қамтамасыз ете алмайды. Бұған қоса, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын арттыру 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде тоқтатылды. Жалпы зейнетақы жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасуда және өкілетті орган мен Үкіметтің тұрақты бақылауында,

деді Әлихан Смайылов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago