Қоғам

“Әйелге қол көтеретін, әйелді төмен санайтындар көбінесе оңтүстіктің жігіттері” — адвокат

«Тіпті жүргіш болса да, баласы басқадан болса да, қол көтеруге, өлтіруге ешкімнің қақысы жоқ екенін түсінбейтіндер барда өмір сүру қорқынышты», — дейді адвокат Ләззат Ахатова. Айтуынша, әйел күйеудің меншігі емес екенін түсінбейінше, бұндай қаныпезерлік тоқтамайды.

Не жағдай орын алса да, қол көтеруге болмайды! Кешіре алмайтын нәрсе болса, айрылысып кет, екі бөлек кетіп қал. Нүкте! Әйелі — күйеуінің, күйеуі — әйелінің меншігі емес. Екеуі екі тұлға. Қателесті ме, сүймейсің бе, ол сүймей ме, ұнамай ма, өмірін қорламай, айрылысып кетіңіздер. Жалпы үйленіп, тұрмыс құрар алдын кіммен байланысқандарын тексеріп алғанға не жетсін,

деп жазды Ләззат Ахатова.

Бұдан кейін адвокат әйелге қол көтеретіндердің дені — оңтүстіктің жігіттері екенін айтты.

Көңілдеріңізге келсе де, таяқтың бір ұшы өзіме тисе де, айтайын, әйелге қол көтеретін, әйелді өзінен төмен санайтындар, көбіне оңтүстіктің жігіттері. Бишімбаев та біздің жақтың адамы..Өкінішті. Өзегіңді өртейтін өкініш. Әрі туған жеріңнің жігіттерінің (бәрінің емес, әрине) төмендеу түсініктері үшін ұяттан жерге кірердей болады екенсің,

дейді ол.

Ляззат Ахатова сөзіне дәлел ретінде жақында өткен іс-шарадағы жағдайды есіне алды.

Күзде бір үлкен іс-шараға барғанда айтқан бір әпкемнің сөзі еске еріксіз түсті. Сол жиында түсініксіздеу, жайсыздау оқиға орын алды. Сонда “әпке, ана жігітке сіз сонша сөз айтқанда, мен іштей қорқып тұрдым, бетіңізден алып, қарсы айғайласа, не істеймін деп, зәрем қалмады” — дедім. Сонда ол «Ләзка, біздің жақтың жігіттері (солтүстік өңір) қанша жерден мінезді, батыр болса да, әйелге қарсы сөз айтпайды. Әйел шектен шығып бара жатса, өзі шығып, кетіп қалады. Әйел затына қол көтермек түгілі, қатты да сөйлемейді. Ол қорыққандарынан емес, біздің жігіттер әйелмен керіскенді еркектік деп санамайды. Сен оңтүстіктің жігіттерінің сондай әдетін білгесін, қорыққансың ғой. Біздің жақта ондай жоқ», — дегенде, ұялғаным да, риза болғаным да есімде.

Ляззат Ахатова бұл сөздерді жерге бөліп, біреуді кемсітіп, не біреуді көтеру мақсатында емес, “дос жылатып айтады” деген ниетпен жазып отырғанын айтты.

Бәріміз бір қазақпыз. Демек, қазақта әйелге қол көтеру болмаған ғой. Қызды төрге отырғызып, құрметтеген, бетін жаппаған, өзгелер секілді. Бұндай сұмдық әдет қайдан келді, сонда?,

деп жазды адвокат Ләззат Ахатова.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago