Саясат

Әйелін пышақпен жарақаттаған экс-шенеунік Жетісуда жаңа қызметке тағайындалды

2020 жылы әйелін ұрып, асхана пышағымен жарақаттаған Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының экс-басшысы Жомарт Қаратас күтпеген жерден Жетісу өңірінде жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Деректерге сай, осыдан үш жыл бұрын 30 жастағы әйел өзін ұялы телефонның қуаттағышымен ұрып, кейін асхана пышағымен қолын кесті деп шенеунік күйеуінің үстінен шағымданған. Алғашында Жомарт Қаратас жұртты шулатқан жағдайға байланысты іссапарда жүрмін деп ақталған. Ал әйелімен тек телефон арқылы жанжалдасқанын жеткізген. Тіпті ол қолындағы жарақатты сыртқы қақпаға кесіп алған деп айтқан. 

Кейін іс сотқа жеткен уақытта азамат әйелінен кешірім сұрады.

Шенеунік бүгінде Жетісу аудандық халық шығармашылығы орталығының директоры лауазымына келді. 

Редакциямыз Жетісу аудандық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан мән-жайды сұрап білді. Басқарманың айтуынша бұл азаматтың қызметке тағайындалуына еш кедергілер жоқ екен.

2-17 қыркүйек аралығында Жетісу аудандық халық шығармашылығы орталығының директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялады. Конкурсқа үміткер ретінде Қаратас Жомарт Мандатұлы құжаттарын тапсырды. Конкурс комиссиясының шешімімен оған мемлекеттік қызметке кіру және бос мемлекеттік лауазымға орналасу ұсынылды. ҚР-ның қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес осы лауазымға тағайындауға ешқандай кедергілер жоқ,

деді басқарма.

Осы ретте 3 ай сынақ мерзімінде шенеунік жаңа қызметке келген.

Жетісу аудандық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басшысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі No 145-ж/қ бұйрығымен 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап Жетісу аудандық халық шығармашылығы орталығының директоры қызметіне тағайындалды,

делінген хабарламада.

Жомарт Қаратас 30 қазанда Республика күнінде алғыс алып үлгерген. Оған 24 қазанда өткен «BIKEN — I» халықаралық театр фестивалін және мерекеге арналған іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге қосқан зор үлесі үшін марапатталған. 

Еске салсақ, күні кеше әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Бишімбаевтың оқиғасы жұрттың жағасын ұстатқан болатын. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago