Оқиға

«Үйіне табытпен оралды»: 27 жастағы азаматты бір топ жігіт соққыға жығып өлтірген

Алматыға қыдырып келіп, үйіне табытпен оралды.

Бұзақыларға кезіккен 27 жастағы азамат алғашында қашпаққа бекінген. Бірақ соңынан қуып жеткен бірнеше жігіт оны алысқа ұзатпады. Соққыға жығып, жол ортасына тастап кеткен. Ес-түссіз жатқанында көлік қағып, жүргізуші де оқиға орнынан бойтасалаған. Жәбірленуші көз жұмды.

Марқұмның туыстары қылмыс жасағандар әлі күнге дейін бостандықта тайраңдап жүр деп ашынады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Оқиға екі ай бұрын Алматыдағы Райымбек көшесінде болған. Таңғы уақыттағы жанжал бейнекамераға жазылған.

Жолдың қақ ортасында ұстап алып, ұрып-соғыпты. 4-5рет ұрады, басынан, ішінен, бір-екі рет тепкілейді. Інім есін жия алмай, сол жерде жатып қалады. Інім енді есін жиып тұрып жатқан кезде Александр деген кісі джип машинасымен келіп соғып, тіпті сол сәтте тоқтамай кетіп қалады. Кез келген адам ит басып кетсек те, мысық басып кетсек те тоқтап көреміз ғой,

дейді марқұмның ағасы Ербол Хожахметов.

Алғашында соққыға жыққандар қамауға алынған. Туыстарының сөзінше, көп ұзамай, бостандыққа шығарыпты. Ал оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі үйқамақта екен. Марқұм жақындары қылмыскерлер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

Үйде әке-шешеміз отыр аза тұтып. Інім қайтыс болғаннан бері неше рет талып, әлі есін жинай алмай отыр, сөздің ашығына келгенде. Қазір бостандықта бәрі тайраңдап жүр. Осы уақытқа дейін ешкім кешірім сұрап, ешнәрсе бүлдірмегендей жүр. Інім отбасылы, екі қызы бар еді. Інім Алматыға қыдырып келіп, табытпен оралды,

дейді марқұмның ағасы Ербол Хожахметов.

Аталмыш қылмыстық іс қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасымен тергелуде. ҚК-тің төрт бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы екі қылмысты жасаған адамдар анықталып, ұсталды. Көлік жүргізугісі де, жігітті ұрып, қауіпті ортада қалдырған ер азаматта та, дейді қалалық Полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago