Үйленер кезде мінсіз қызды қалай табуға болады — психолог кеңес берді

Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында үйленуге қыз таңдағанде неге мән беру керегін айтты.

Психологтың пікірінше, бұл индивидуальный нәрсе. Бірақ адамдар осындай мәселемен оған келетін болса, мынадай кеңес беретінін айтты:

Өзіңіздің бес принципіңізді, жолдасыңызда міндетті түрде болуы тиіс 10 қасиетті тізесіз. Сол онының жартысына немесе одан көбіне сай келіп жатса, үйленіңіз. Идеальный табу мүмкін емес. Ортақ құндылықтар көп болған сайын жақсы. Бірінші кезекте — көңіл. Бір қыз сізге ұнады, ортақ таныстар бар ма екен, бірдеңе қылып танысыңыз. Одан кейін араласып, сөйлесіп, ниет білдіресіз. Ниет білдіргеннен кейін отырып, ашық сөйлесу керек. Жар таңдағанда жұмысқа адам алып жатқандай интервью жасау керек деп есептеймін.

Психолог, сондай-ақ, жар таңдағанда сезімді емес, ақылды тыңдау керегін айтты.

Сезім – ақылдан бір қадам керіде болады. Ақыл сезімнен бір қадам жоғары болу керек. Жігіт қыздан не күтеді? Ана болуын, әйел болуын, келін болуын. Бұл – оның міндеті. Осы міндетті орындай ала ма, дайын ба? Қыз да жігітке сондай сұрақтар қоюы керек: күйеу болады, әке болады, қамқоршы болады. Міндет пе? Міндет. Соны іске асыра ала ма?

дейді Мырзабаев.

Отбасы құрғаннан кейін «Мен оның мұндай екенін білген жоқпын», «Мен бұл нәрсеге дайын емес едім», «Бұлай болады деп ол маған айтқан жоқ», «Әке-шешеден бөлек тұрамыз деген». Осындай проблемаларға ұрынуы сезім етегінде жүріп, ақылын қоспауында дейді психолог.

Егер құндылықтар сай келмейтін болса, жұп қаншалықты бір-бірін ұнатып тұрса да, кейін балалы болғаннан кейін он есе қиындықпен ажырасып жүргенше, қыз-жігіт кезінде аз ғана қиындықпен айырылысып кеткені дұрыс деген пікірде.

«Жігіттер анасына ұқсайтын қыз іздейді, қыздар әкесіне ұқсайтын жігіт іздейді. Бұл дұрыс па, жоқ па?» деген жүргізушінің сұрағына психолог «Бұл шын мәнінде бар нәрсе» деп жауап берді. Бірақ бұл бақытты отбасы құрудың кілті емес.

Түпсанада ондай нәрсе бар. Өйткені бала ең алғаш көрген әйел адамды жадында сақтап алады. Сол әйелмен қарым-қатынас жақсы болса, бейсаналы түрде соған ұқсас әйел іздейді: сөзі, әрекеті, қылығы, шашы. Бірақ соған сай келген қызбен үйлену керек деген нәрсе жоқ. Себебі анасына ұқсас адам оған таныс адам, әкесіне ұқсас адам оған таныс адам. Біз таныс адаммен отбасы құрғымыз келеді. «Келін – ананың топырағынан» деген осыдан шыққан. Бірақ бұл бақытты отбасы құрудың басты формуласы емес. Айтып өткендей, ортақ құндылықтар, қызығушылықтар — осыған басты мән беру керек.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago