«Әйтеуір қазақ келді-ау!»: Депутат Дәулет Мұқаевтың жазбасын желі қолданушылары сынап тастады

Өз парақшасында қазақ министр келді деп қуанған депутат Дәулет Мұқаевты желі қолданушылары сынға алды. Олар депутаттың ұлтты бөліп жарғанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжілісмен Дәулет Мұқаев парақшасына даулы пост жариялап, Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Юрий Ильиннің орнына Сырым Шәріпханов болғанына қуанышын білдірген.

Бұл қызметке, әйтеуір, қазақ келді-ау! Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды. Сырым мырзаға жаңа қызметіне сәттілік тілейміз. Елде төтенше жағдай болмасын. Бізге керегі нәтижелі жұмыс. Юрий, қош бол!

деп жазды ол.

Министрдің біліктілігіне емес, ұлтына назар аударған депутатқа желі қолданушылары сын айтты.

“Неге қазақ, орыс деп бөліп жатырсыз?”, “Ұлты испан болса да, халыққа пайдасы тиетін адам отырғаны жақсы”, “Әңгіме ұлтта емес, жұмысты атқарғанында. Қолынан түк келмейтін адам қазақ екен деп отырғызып қойса, жақсы ма?”, – деп жарыса жазды желідегілер. 

Депутаттың Dauletten парақшасында 2,4 миллион жазылушы бар, бірақ оны қазір басқа адам жүргізеді. Мұқаевтың өзі кәсіби қызметіне қатысты жеке аккаунт құрды.

Дәулет Мұқаев – ең көп оқылатын қазақ тілді блогерлердің бірі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago