Фото: ашық дереккөзден
Қашып кеткен «генерал» Күдебаевтың елге қайтарылуы әккі сарапшылардың езуіне күлкі ұялатқаны рас. Серік Күдебаев неге Солтүстік Кипр немесе Дубайға өтіп кетпеді? Жыл сұрағы осы болып тұр.
Күдебаев неге сенді? Түркиямен арада экстрадиция бойынша келісім бар екенін білмеді ме? Қазақстан «гүленшілердің» басым бөлігін Түркияға тапсырғаннан кейін, ресми Анкара да Астана запростарына өте жауапты қарайды. Генерал оны білмеуі мүмкін емес.
Осы құпияны тек Күдебаевтің өзі біледі. Уақыты келгенде айтар. Бірақ ол ұзаққа созылатыны анық. Себебі, «генерал» қашамын деп басына бәле тілеп алды. Енді әу баста 8 жыл болып тұрған болжамды жазасы 15 жылға ұзаруы тиіс.
Күдебаевтың ұсталуымен, Қайрат Боранбаевтың сотталуымен Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің мойнындағы тергеу тұзағы тартыла түсті. Боранбаевтың жер мәселесіне қатысты тергеуге берген ақпараты бар. Күдебаев та көп ақпарат бере алады.
@dalainside дереккөзі 2023 жылдың аяғына дейін Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалады деген пікірде. Басты айып — Алматы жерлерін олигархтарға үлестіру. Жерге қатысты махинациялар саны бойынша Байбек Храпуновтан кейін екінші орында тұр. 2015-2019 жылдары Алматы әкімі болған ол сол азғантай уақытта көп былық жасап үлгерген. Алматыдағы жер махинациясы бойынша үшінші орында Бәйбектен кейін әкім болған Бақытжан Сағынтаев келеді.
«Байбек кезеңі» демалыс аймақтары мен заңмен қорғалатын жерлерді мемлекет меншігінен шығарып, олигархтарға берумен ерекшеленді. Сол жылдары Есентай, Көктөбе сынды көптеген элиталық тұрғын үй кешендері пайда болды. Медеу, Бостандық, Наурызбай аудандарының құрылыс жоспарлары қайта-қайта түзетілді.
Байбек екі жарлық шығарған. Оның нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерлері «Омирекс» пен «Атлас девелопмент» фирмаларына өтті. Ал ол фирмалардың негізін Динара Құлыбаева қалаған.
Одан бөлек, Медеу және Бостандық аудандарында 116 гектардан астам табиғи зоналар мен демалыс орындары коттедждер мен көппәтерлі үйлер салу үшін олигархтарға сатылып кетті.
Ол эпизодтарды дәлелдеу тергеуге еш қиындық тудырмайды. Басты қиындық — Байбекті Солтүстік Кипрден шығарып алу.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…