Әлеуметтік желіге шолу

Күдебаевтың камера ішінде мерекелік дастархан жайған фотосы тарады

Желіде Алматы облыстық полицияның бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қамауда отырып, мерекелік дастархан жайған фотосы таралды. 

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті камерада мереке өткізген фотосуретіне түсініктеме берді. Мәлімдеуінше, Күдебаев үйден әкелінген тамақты ішуге құқылы.

ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар сәлемдеме ретінде жіберілген немесе жақындары әкелген тамақты алуға құқылы. Олар бос уақытында отрядтардың арнайы бөлінген мекемесінде тамақ ішуге құқылы,

деді ҚАЖ баспасөз қызметі.

Комитеттің айтуынша, оған фотодағы тамақтарды туыстары әкелген.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №22 мекемесінде сотталғандар туыстарынан алғаны анықталды. Тексеріс барысында тыйым салынған өнімдер, яғни алкогольдік ішімдіктер анықталған жоқ,

деп пайымдады ведомоствосында.

Алайда сотталушы телефонды пайдаланғаны үшін тергеу басталған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago