«Күйеуіммен ренжісіп қалсам, чемодан жинайтын әдетім бар» — Айнұр Тұрсынбаева

Қазақстандағы қыз-келіншектерге ақылы түрде кеңес беріп, тренинг өткізетін Айнұр Тұрсынбава өзінің басынан өткен тағы бір оқиғасын баяндап берді. Бұл жолы атышулы ақын жеке өміріндегі құпиясын ашқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Тағдыр жолында үш рет тұрмыс құрған Айнұр Тұрсынбаева күйеулерімен тіл табыса алмаса, бірден заттарын жинап, төркініне тайып тұруды ойлайды екен. Ол дәл осы жағымсыз әдетінен 20 жыл бойы арыла алмағанын айтады.

Менің күйеуіммен ренжісіп қалсам, чемодан жинайтын әдетім бар. Атып тұрып, киімдерімді жинай бастаймын және осы жаман әдетімді 20 жыл бойы байқамастан қайталай беріппін,

деп бастады әңгімесін Тұрсынбаева.

Айнұрдың айтуынша, бұл әдет бұрыннан қалыптасқан. Ол қаршадайынан ата-әжесінің қолында өскен екен. Ал бала кезде үйде жанжал шықса, өзінің туған әке-шешесіне кететінін айтып, киім-кешегін жинай бастайтын көрінеді.

Сондағы бар мақсатым, апамның: «Құлыным, кетпеші. Мен сені жақсы көремін» деген жылы сөзін есту… Сосын рахаттанып киімдерімді орнына жинап қоямын. Дәл осы картина көз алдыма келіп, бәрін бойымнан өткіздім. Сезіндім. Содан бері киім жинауды қойдым. Тіпті кету деген ойды миымнан шығарып тастадым. Қазір көп әйелдер махаббатқа, қамқорлыққа мұқтаж. Бала кезден алмаған жылуды күйеуден іздеп, оны қорқытқымыз келеді. Өкінішке орай, оның арты үлкен қателіктерге алып келеді,

дейді айтыскер ақын.

Қазір Айнұрдың санасы толысқан, бұрынғыдай ақымақтыққа бармайды. Жанұяда жанжал туындаса, бірден шешуге тырысады.

Айта кетейік, Тұрсынбаева үш рет тұрмыс құрғанымен, екі некесі сәтсіз аяқталған. Ал бірінші жолдасынан ұлы мен қызы бар. Қазіргі таңда ақын үшінші күйеуі Нұржан Иманәлиевпен бірге Түркияда тұрады. Ол жігіт қылмыс әлемінің серкесі «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің жан досы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago