Оқиға

Күйеуінен ажырасқан келіншек үш баласын сатып жіберген

Соқылық ауданында ажырасқан келіншек кішкентай балаларын сатып жіберген. Бұл туралы Шу облысының ішкі істер басқармасы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соқылық ауылының тұрғыны милицияға арызданып, бұрынғы әйеліне қатысты шаралар қабылдауды сұраған. Өйткені әйел балаларын оған көрсетпей қойған. Түрлі сылтаумен әйелдің өз балаларына жолатпауы, сондай-ақ арадағы жағдайды реттеу ниетімен барған сайын балалардың үйде болмауы ер адамда күдік-күмән туғызған, деп хабарлайды 24.kg.

Балалармен кездесуден бас тарту фактісі Соқылық ауданының ІІД-да тіркелген болып шықты. Бұған қатысты тергеуге дейінгі тексеру басталды.

Азамат Д. Н. 2021 жылдың 7 наурызында туған қызын Мәскеу ауданының тұрғынына, ал 2022 жылы 28 сәуірде туған ұлын К. деген азаматқа сатқан. Сондай-ақ 2023 жылы 16 наурызда дүниеге әкелген қызын М. деген әйелге сатқан.

Келіншектің ажырасқаннан кейін балаларын сатуға кіріскені нақтыланады.

Аталған факті бойынша Соқылық аудандық ІІД Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабында (бала саудасы) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мииция қызметкерлері әйелді ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соқылық ауданының тергеу судьясы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі.

Үш бала да табылды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago