Қоғам

Күйеулерінен таяқ жейтін әйелдердің дені – жұмыссыз

Белгілі коуч тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың себебін айтты.

Белгілі коуч, психолог Роза Әшірбекова тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдердің басты проблемасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мархабат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Коучтың айтуынша, ата-енеден бөлек тұруды насихаттаудан шаршамайтын көрінеді.

“Ағайын тату болса ас көп” дейтін ер-азаматтарға бәрінің бір жерде тұрғаны ыңғайлы. Ал әйелдерге ыңғайсыз. Жанұяда қанша адам болса, сонша адамның жұмысы әйелдің мойнында болады.

Әйелдің ақша табуға, жұмысқа тұруға, өзін күтуге мүмкіндігі болмайды. Сол үйдегі бүкіл қызметті жасайды. Көп жағдайда, әйел адам үлкен отбасында тұрған кезде жұмысқа шықпайды. Менің аудиторияма жиі айтатын инсайтым – әр әйелдің ақшасы болуы керек.

Үй шаруасындағы әйелдер өте көп зорлық-зомбылық көріп жатыр. Статистика бойынша ондай жағдайға жиі ұшырайтын әйелдердің дені – жұмыссыз. Оның ақшасы болмағандықтан, күйеуінің тапқан тиынына тәуелді болғандықтан не істесе де шыдайды. Содан кейін күйеуінен таяқ жеп жатқанда, әйелдің айқайлаған даусын көршілер естіп, полиция шақыратыны белгілі.

15 тәулікке қамалатынын білсе де әйелдері алып қалуға тырысады. Өйткені, ең үлкен себебі: әйел ақшасыз қаламын деп қорқады.

Әйелін ұрған еркек отбасының жалғыз асыраушысы, сондықтан түрмеге қамалатынын білсе де шыдайды. Үйде құр қол отыра беруге болмайды. Жүктілікті жоспарлау керек. Бірінен кейін бірін босанудың қажеті жоқ. Арасында ақша тауып, жұмысқа шыққан дұрыс деп айтамын.

Сондай-ақ, психологты келіндерді азғырасың деп жазғырушылар да жоқ емес екен.

Ата-енеден бөлек тұр деп кеңес айтсам, сен азғырасың деп мені айыптайтындар аз емес. “Өзім тұрғым келеді, ата-енем де қамқор, балаларыма бас көз болады” деген келіндер болса, қуанамын. Бірақ “магистратура мен докторантура бітірдім, шетелде оқып келдім, ата-енеммен бірге тұрамын. Күйеуім бөлек шыға алмайды” деп жазатын қыздар өте көп.

Айтуынша, қазіргі жастар ақылды көрінеді. Сол үшін жігіттер үйленуге асықпайды, қыздар тұрмыс құрғылары келмейді. Өйткені отбасы жауапкершілігі үлкен жұмыс екенін екі тарап та түсініп үлгерген.

Еске салайық, Роза Әшірбекова “ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын реттеймін” деп ақылы сабақ сатып, сынға қалған Қыран Талапбектің әйелін қолдағанын жазған болатынбыз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago