Көкшетау қаласының тұрғыны сүйіктісімен саябақта қыдырып жүріп өзінің қылмыстық әрекеттерін іске асырып келген. Оның қу айласы әшкереленіп, жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Toppress.kz сайты хабарлады.
25 жастағы Көкшетау тұрғыны қылмыстық әрекеттерін өткен жылдың қазан айында бастаған. Оңайлықпен ақша таба қоямын деген жігіт әлеуметтік желі арқылы есірткі тарататын адамдарды тауып алыпты. Ал базаға тіркелу үшін өзінің емес, болашақ әйелінің жеке деректерін қолданыпты. Ал сүйіктісі оның сыртынан жасалып жүрген әрекеттерден мүлдем бейхабар болған. Қала тұрғыны есірткіні жасырумен айналысыпты.
2021 жылдың 26 қазанында ол алдын ала жасырып қойған 30 қаптама есірткіні қалтасына салып, түк болмағандай қызын серуендеуге шақырған. Сол уақытта ол есірткі салынған үш пакетті жасырып үлгерген. Дәл сол күні жігіттің былығы әшкере болды. Тінту кезінде қылмыскер өз еркімен 13,8 грамм ірі көлемдегі психотроптық заттардың қалған 27 пакетін полицейлерге тапсырған.
Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты сот амалдары жүргізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен күдікті кінәлі деп танылды. Енді қылмыскер алдағы 10 жылын қатаң режимдегі колонияда өткізетін болады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…