Categories: Оқиға

Көкшетауда үш әйел ыстық суға күйіп қаза тапты

Көкшетау қаласында 50 жастан асқан үш әйел жылыту құбырынан атқылаған ыстық суға күйіп қаза тапты. Оқиға осы жылдың 2-қаңтарында болған.

2 қаңтарда сағат 04:44-те Көкшетау қаласы полициясына үйлердің бірінде жылыту жүйесіндегі ақау салдарынан ыстық су атқылағаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша жедел-тергеу тобы пәтерге келді. Анықталғандай, пәтерде жылу құбыры жарылып, соның салдарынан  бөлмені ыстық су басып кеткені анықталды,

деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Пәтер ішінен құлыптаулы болған. ТЖД қызметкерлері есікті бұзып кірді.  Тексеру барысында полиция қызметкерлері 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің: үй иесі мен оның екі құрбысының денесін тапты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдер өлімінің себебі – күйіктен болған шок.

Қазір үш адамның өлімі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago