Қоғам

Көлік тіркеу және жүргізуші даярлау қағидалары өзгерді

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Құрметті азаматтар! Көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына түзетулер енгізілді. Олардың негізгілеріне тоқтала кетсем: Біріншіден, біз жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді қайта алуды жеңілдеттік. Егер сіз басқа аймаққа көшкен болсаңыз, онда алдыңғы аймақта алынған жоғары сұранысқа ие нөмірді өзіңізде қалдыра аласыз. Сонымен қатар дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңыз немесе жұбайыңызға қайта рәсімдей аласыз. Біз бұл түзетулерді осыған ұқсас жағдайларға тап болған азаматтардың өтініштерін ескере отырып ұсындық. Екіншіден, көлікті тіркеу процесін жеңілдету үшін біз оның техникалық сипаттамалары бойынша бірқатар қағаз құжаттардан бас тарттық. Қазақстанда көлікті бастапқы тіркеу кезінде біз бұл құжаттарды мемлекеттік органдардың дерекқорынан электронды түрде алатын боламыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында автокөліктерді сату-сатып алу келісімін нотариалды куәландыру бойынша талап қайтарылды. Дәл осы мақсатта көлікті бастапқы тіркеу немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау немесе оның түсін ауыстыру барысында міндетті түрде криминалистер тарапынан көліктің тексерілуі енгізілді. Бұдан басқа, “А”, “В” санатындағы жеңіл көліктер мен мотоциклдерге жүргізу куәлігін алу үшін міндетті түрде көлік мектептерінде оқудан өту қажет. Олар көліктердің ең көп таралған түрлері болып табылады. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларына жиі түседі. Сондықтан оларды жүргізу үшін кешенді теориялық және практикалық даярлықтан өту керек. Жалпы 53 түзету қабылданды. Олар ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап күшіне енді. Құрметті азаматтар! Аталған түзетулер ең алдымен сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтарға полиция тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге бағытталған,

деді департамент бастығы–ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago