Categories: Қоғам

Көлік жүргізу алдында қымыз ішпеген дұрыс

Қазақтың ұлттық сусындарының бірі қымызда алкоголь бары белгілі. Қымызды ішіп, көлік тізгіндеген адам жазалануы мүмкін бе? Бұл туралы Massaget.kz сайты жазыпты.

Қымызда 0,5 мен 4,5 пайыз аралығында этил спирті болады. Негізі 0,5-тен 1,5-ға дейін жеңіл мастық деп саналады екен. Ал 1,5-нан 2,5-ға дейін орта дәреже, ал 2,5-нан 3-ке дейін қатты масаю және 3-тен 5-ке дейін ауыр болып саналады.

Қазақстанда әр жол полициясы қызметкерінде алкогольді есептейтін тестер болады. Сол тестерде 0,5-нан асатын болса куәландыру жүргізілуі мүмкін. Ал орта, қатты және ауыр деңгейде ұсталғандар көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Спирт дәрі-дәрмектің де құрамында болуы мүмкін.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сәйкес, мастық деңгейі анықталған жағдайда көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Оған қарсы ештеңе жасай алмаймыз. Мысалы Еуропа елдерінде промиль деңгейі 2-ден жоғары болса көлік жүргізу құқығынан айырылады. 

Қазақстандық заңда дәрі іштіңіз бе, қымыз іштіңіз бе — маңызды емес, қаныңыздан алкоголь табылса шара қолданылады.

Тағы бір ескеретін маңызды дүние — жүргізушіні тоқтататын полицейлердің алкотесті Қазақстанда бекітілген болуы керек.

Ал Қазақстанда бекітілген алкотест саны 10-нан аспайды. Ішімдік мөлшерін есептейтін тест сол тізімде болуы керек. Оны жүргізуші талап ете алады. Алкотест — мастық деңгейін тексерудің бірінші кезеңі ғана. Екінші кезең — полицей жүргізушіні толық куәландыру үшін наркологияға апарады. Яғни қанынан талдау алады. Сол кезде ғана жүргізуші кінәлі ме, жоқ па, спирт деңгейі қаншалық екені анықталады.

Егер жүргізушінің қан құрамында алкоголь анықталса 3 жылға дейін мерзімге жүргізу құқығынан айырылады. Жүргізуші мас болып, апаттық жағдайға себеп болса 4 жылға дейін мерзімге. Ал заң бұзу бір жылдың ішінде қайталанса 6 жылға жүргізу құқығынан айырылады.

Сондықтан басыңыздың амандығы үшін  көлік жүргізу алдында қымыз ішпеген дұрыс.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago