Экономика

Көлсайға келген туристерден биыл 63 млн теңге пайда түскен

Жыл басынан бері Кеген ауданындағы «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне 185 мыңға жуық демалушы келген. Ал олардан салық ретінде түскен түсім 63 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ал Былтыр «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне 210 мыңнан астам турист келген.

Туристердің демалуына ыңғайлы жағдай жасалуда, дейді әкімдік. 4G интернет тартылыпты. Билайн, Актив мобильді байланыстары толық жұмыс істеп тұр. Әр адам өзінің ыңғайына қарай киіз үйден бастап, жоғары санатты қонақ үйде қоныстануға мүмкіндігі бар. Ұлттық парк аумағында 57 қонақ үй орналасқан. Оның ішінде «Көлсай Номад» және «Көлсай Гранд» қонақ үйлері инвестициялық жоба есебінде бой көтерген.

Жалпы жоба құны — 143 млн теңге. Қонақ үйлердің бірі 50 адамға арналса, екіншісінде бір уақытта 25 адам қоныстана алады.

Демалыс аумағында келушілерге арналған асхана, мейрамханалардың да саны артқан. Демалыс аумағының тазалығы қатаң бақылауға алынды. Аумақта дәретхана мен қоқыс жәшіктері де толықтай шешілген. Экологиялық және танымдық туризмді дамыту мақсатында ұлттық парк аумағында 7 туристік маршрут құрылған. Барлық маршруттардың төлқұжаттары жасалып, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітілген.

Нақтырақ айтсақ, «Саты ауылы-Қайыңды көлі», «Саты ауылы-Саты асуы», «Төменгі Көлсай көлі-Сарыбұлақ асуы», «Күрметі ауылы-Ортаңғы Көлсай көлі», «Күрметі ауылы-Қыземшек тауы», «Өрікті сайы-Мәжі көлі» «Төменгі Көлсай көлі» бағыттары жаяу және атпен жүруге арналған. Маршруттар келушілерге жыл бойы қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар ұлттық парк басшылығы 13 тур фирмамен келісімшартқа отырған. Көлсайға кіру құны да қолжетімді: 1 адамға 845 теңге, жеңіл көлік — 200 тг, тур автобус — 600 тг. Мұнда алдағы уақытта автоматтандырылған төлем пункттері орналастырылады. Ұлттық паркке апаратын «Алматы-Көлсай» күре жолына 2018 жылы күрделі жөндеу жасалған. Бүгінде Қайыңды көлінің жолы жасалып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago