Білім

«Көмектесіңдер»: Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар дәлізге сыймай қалған

Астана білім басқармасы мектептердің бірінде оқушылардың не себепті дәлізге сыймай қалғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеоға жүздеген баланың мектеп дәлізінде тұрғаны түсірілген. Алайда балалар бір-бірін итере бастаған. Әрі кадрдан үлкендердің оқушыларға бір нәрсені түсіндіріп жатқанын көруге болады. 

Желіде тараған екінші бейнежазбада балалардың бірі «Көмектесіңдер!» деп айқайлаған. 

Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінде видеоның №71 мектеп-лицейінде түсірілгенін мәлімдеді. Анықталғандай мектеп үш ауысымда жұмыс істейді екен. 

Үшінші ауысымда оқитын оқушылар алтыншы сабақтан кейін бір уақытта дәлізге шыққан, бірақ кезекші олардың сырт киімін беріп үлгермеген. Мәселені шешу үшін сырт киімдерге арналған киім ілгіштер әр қабатқа орналастырылды. Осылайша гардероб мәселесі 2023 жылдың 5 қыркүйегінде шешіледі,

деді баспасөз хатшысы Маржан Бақыт.

Ведомство өкілі білім беру орындарының санын арттыру бойынша қалада жүйелі жұмыстар жүріп жатқанын да атап өтті. 

Бұл оқу жылында 11 мектеп ашылады, оның 4-і жұмыс істеп тұр. Қалада «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба аясында 2024-2025 жылдары 90 мың орындық 24 мектеп ашылады. Оның 15-і «Есіл» мен «Нұра» аудандарында салынады,  

деп түйіндеді басқарма өкілі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago