Экономика

Көмір биыл тағы да қымбаттады

Қатты отынның құны бірден 15 пайызға артқан, деп хабарлайды КТК телернасы.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы брифингте мәлімдеді. Көмірдің орташа бағасы тоннасына 6700-ден 9 мың теңгеге дейін көтерілген. Министрлік бұл бағаны көмір өндіруші кәсіпорындармен жүргізген келіссөздер арқылы бекіттік деп отыр.

Ең көп сұранысқа ие Шұбаркөлдің тоннасы 7500 теңге деп белгіленген. Ол діттіген жеріне жеткенше, әсіресе шалғай өңірлердегі тұтынушылардың пешіне түскенше екі-үш есеге, 25-30 мың теңгеден бір-ақ шығатыны белгілі.

Бірақ министрлік отынның шекті құнын белгілеуге біз қауқарлы емеспіз деп ақталды. Ал бағаға келетін болсақ, өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздегі көмірдің бағасы су тегін деген министрлік өкілі, тіпті бұдан төмен баға болуы мүмкін емес дейді.

Бізде әлеуметтік көмірдің бағасы әлдеқайда төмен. Салыстырмалы түрде. Егер де халықпен тұрмыстық, коммуналдық көмірдің бағасын алатын болсақ және қарапайым бір кірпіш шығаратын зауытқа сатылатын бағанының арасы 30-40 пайыз болуы мүмкін. Яғни халықтың сол көмірді алуға 30 пайызға арзанырақ болады. Мұның өзі арзан. Мен салыстырып өттім, көрші мемлекеттермен, екі-үш есеге дейін арзан болып тұр. Енді бұдан төмен білмеймін, қаншалықты, қалай болатынын,

деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago