Оқиға

Күнде энергетикалық сусын ішкен: Алматыда жасөспірім ауыр халде жатыр

Алматыда 17 жастағы жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, ол жарты жылдан астам уақыт энергетикалық сусындар ішіп, фастфудпен тамақтанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына «гемофилия В» диагнозымен түскен. Бұрын жасөспірімге қанның ұюының IX факторының төмен деңгейі диагнозы қойылғаны анықталды.

Тексеру кезінде жасөспірімнен жоғары температура, еріннің қанауы, ауыз қуысының жаралары, буындардың ауыруы және мұрыннан қан кету байқалды. Жасөспірім жүре алмағандықтан, оны арбамен әкелген.

Алматы қаласы бойынша тәжірибелі дәрігер – бас балалар гематологы, №2 балалар ауруханасы гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева жігіттің IX фактор көрсеткіші гемофилияның орташа ауыр түріне сәйкес келетінін ескертті. Бірақ 17 жыл ішінде гемофилияның белгілері ертерек пайда болар еді. Сонымен қатар VII фактордың төмендеуі байқалған. Жасөспірімде коагулограмма бойынша гемофилияға сәйкес келмейтін механизмнің ішкі және сыртқы бұзылулары бар,

деп хабарлады ведомстводан.

Жасөспірімнің ауру анамнезімен танысқаннан кейін дәрігер үш жыл бұрын оған ота жасалғанын білді. Бірақ операция барысында гемофилияға тән ауыр немесе тоқтаусыз қан кету болмаған.

Сөйлесу кезінде жасөспірім энергетикалық сусындарды күнделікті ішкенін білдік. Ол алты ай бойы энергетикалық сусын ішіп, фаст-фудпен тамақтанған. Салдарынан бауыр жұмысы нашарлаған. Біз балаға диагноз қойдық: Бауыр қызметінің бұзылуы. Бауырдағы коагуляция факторлары синтезінің бұзылуы. Яғни, протромбиндік кешенді факторлардың жүре пайда болған тапшылығы. Гемофилия диагнозы расталмады. К витаминін енгізу және оны толықтыру арқылы емдеу жүргізілді,

деді Ұлжалғас Айтжанова.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago