Оқиға

Күніне 10 мәрте кекірген қыздан қатерлі ісік анықталды

Кейде адамдардың түшкіру, кекіру секілді күнделікті әдеті аяғы өлімге апаратын аурудың алды болуы мүмкін. Мәселен, флоридалық азаматша 25 жастағы Бэйли Макбрин 2021 жылы жиі кекіргенінің арты үшінші сатыдағы тоқ ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгісі болып шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Бэйли үшін бұл жаңалық ашық аспан астында күн күркіреді дегенмен бірдей болатын. Себебі ол өз денсаулығына ешқашан шағымданбаған. Аурудың белгісі көрініс бере бастаған сәтте ол күйеуімен бірге саяхаттап жүрген болатын. Ол кенеттен 5-10 мәрте кекіре бастады. Ал Бэйли болса «кекіру табиғи нәрсе» деп денсаулығында ақау бар екенін ойламаған еді. Өйткені ол мүлде уайымдамайтын жан болған. Дәрігерлер бұлда арты жаман аурудың алғашқы белгілерін аңғармауға себеп болған.

Уақыт өте келе, 2023 жылдың қаңтарына қарай бәрі қалпына келген сияқты еді. Алайда алғашында тек кекіруден басталған аурудың арты құсу, жүрек айну тіпті іш қатуына дейін алып келді.

Бір аптадан кейін менің белгілерім тез өсе бастады. Менде іштің ауыруы, құрысулар мен жүрек айнуы болды. Мен мүлде тамақ іше алмадым,

дейді ол.

Бэйли мамандығы бойынша дәрігер болатын. Сондықтан ол өзіне ас ішектің бітелуі деп диагноз қойып, өзін-өзі емдеуге тырысты. Бірақ оның жағдайы одан сайын нашарлап, анасы оған ауруханаға баруға кеңес берді. Емханада дәрігерлер Бэйлиге компьютерлік томография жасап, биопсия қызда үшінші сатыдағы тоқ ішек қатерлі ісігі бар екенін көрсетті.

Мен бұл сөздерді естігенде басымнан қан ағып, бүкіл денем қатып қалғандай болды. Мен диагнозды алғаш естігенде сене алмадым,

дейді америкалық азаматша.

Ол салауатты өмір салтын ұстана жүріп мұндай аурумен бетпе-бет келемін деп ойламады. Нәтижесінде тоқ ішектің бір бөлігін және бірнеше лимфа түйіндерін алып тастап, 12 апталық химиотерапиядан өтуге мәжбүр болды. Қазір хирургиялық сараптамалардың нәтижесін күтуде.

Онколог Бэйлиге кекіру — қатерлі ісіктің жиі кездесетін симптомы екенін айтты. Сондай-ақ адамдар бұрын жиі кекіру болмаған жағдайда оны дер кезінде тазалауға дағдыланған. Химиотерапиядан кейін ол өз-өзіне келе алмады. Себебі аты жаман аурудың қайтып келмейтініне күмәнмен қарайды. 

Алайда, ол өзінің ұзату тойын жасау үшін бар күш-жігерін жинап, қараша айына дейін емделуге тырысып жатыр. Бэйли өз өмірін өзгерту үшін аурумен күресуге дайын. Ауыр диагноз оған денсаулығына байланысты белгілерді ескеруді үйретті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

17 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago