Күніне 100 мың теңге жаудыратын дұға бар ма?

Имам, дінтанушы Нұрлан Асановты көпшілік, әсіресе жастар әлеуметтік желі арқылы жақсы таниды. Желіде «Хит имам» деген атқа ие болған ұстаз ерекше стиль, заманауи сөз саптауымен танымал. Имамның эфирін жібермей көретіндердің қатары аз емес.

Қазақ жастарының делебесін қоздырған TikTok қосымшасы имамның танымалдылығына ерекше ықпал етті. Алайда ҚМДБ бұл желіге теріс көзқарасын білдірген. Мәселен TikTok желісін харам дегенді құптадық делік. Ал қоғам ше, қабылдады ма бұл шешімді, одан елімізде халал көбейді ме? Сол желіден бас тартқан жастарымыздың қатарын әліге дейін азаймады. Керісінше күн сайын саны артып, жастардан қалыспай, ересек адамдар да трендте жүр. Харам сөзімен жастарды құтқара алмаймыз. Сондықтан дінтанушы желіде тікелей эфир ұйымдастыра бастапты. Басында «Сізге не жоқ, TikTok харам, жастардың арасында не істеп жүрсіз?» деген сансыз сындарды басынан өткерген. Тіпті сол кездері «TikTok молда» деп, сыртынан мысқылдап күлген әріптестердің өздері қазір сол желіде жүр.

Желіні көбіне, жұмысы жоқтар, жалқау, еріншек, қолы бос немесе ісін дөңгелетіп отырғандар, өзін-өзі дамытушылар, алға қадам басушылар пайдаланады. TikTok желісіндегі имамның парақшасының атауы «ozinditany».

Насихатымнан кез келген адам өзін тауып, танып, дамытқанын қалаймын.

Жастардің көбі хайырлы жар таңдау мен ата-аналарына деген өкпе-реніштерін, наразылықтарын жиі айтады. Әсіресе, үйленер кезде және үйленгеннен кейін ата-ананың түсінбеуі, үйде берекенің болмауы, мейірімсіз, қатігез ата-ана, орамал мен намаз оқуға қарсы болу, әкелердің арақ ішіп ойран салып, аналарын көзінше ұруы, бітпейтін ұрыс-керіс, ажырасулар мен ақша мәселесі.

Эфирде қойылатын сұрақтар сан-алуан, солардың ішінде есте қаларлығы мыналар:

«Күніне жүз мың теңге жаудыратын дұға бар ма?»,

«Шәкеңдер түске енсе не болады?»,

«Протез тіспен намаз оқуға бола ма?»,

«Дикий қабанды жеуге бола ма?»

Сондай-ақ жанға жара салған жағдайлар да, тіпті естіген кезде жауап беруге қиналған сәттерім де көп болды. Мәселен жүрек тұсынан керзі етікпен тепкен әкесіне күйінген қыздың боздағаны әлі есімде, жұбата алмадым. Араққа тойып алған атасының ісіне булыққан келіннің өксігін тоқтата алмадым, күдікке ілінген күйеудің көгілдір болып шыққанына көп ойландым,

дейді Нұрлан Асанов.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Баланы өз заманымен тәрбиеле деген жақсы бір сөз бар. Ата-ананың бар міндеті – баланы даңғыл жолға даярлау, яғни қиындықтардан қашуға емес, жеңуге тәрбиелеу. Сонда бала өз заманын мықтап құрайды. Өкінішке қарай, бүгінгі ата-аналар ондай емес. Бүгінгі ата-ананың киген киімі, айтатыны – дініне қарсы әрі оны заманауи үлгі дейді.

Ал жастарға көңілім толады, кейде жаным да ашиды. Себебі олар уақыт ағынына ілесе алады, ақ пен қараны тез ажыратады. Алдынан шығатын кез келген мүмкіндікті жібермейді, Алланы таниды және оған деген махаббаты теңіздей. Бір сөзбен айтқанда, қазақ жастары заманнан қалыспай келеді. Мешіттегі сапты толтыратын – жастар. Сондықтан атадан қалған дәстүрді дәріптеп, қазақылық мінез танытып, оқыған намазымызбен ұрпаққа үлгі болуымыз керек деп ойлаймын,

деді имам.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago