Фото: Астана телеарнасы
Астанада еттің бағасы түсті. Бір апта бұрын базардағы сиыр етінің келісі бірден 400 теңгеге арзандаған. Қазір келісі 2 500 теңгеден саудаланып жатыр.
Бұған не себеп? Қала халқы шетінен соғым сойып алды ма? Базардағы ет неге өтпей қалды? Астана телеарнасы жауап іздеді.
Айғаным Мұқашева 15 жылдан бері орталық базарда ет сатады. Таласып тармасып алатындар түгілі бағасын сұрайтындардың өзі сиреген. «Бұрын-сонды мұндай болмайтын. Қымбатшылық ет бөліміне келетіндердің қатарын азайтып жіберді, — дейді ол.
Біздің жағдайымыз нөл болып қалды. Етіміз өтіп жатқан жоқ. Осыдан бір апта бұрын ет 2900 теңге еді. Қазір 2500-ге түсірдік. Сонда да етіміз өтіп жатқан жоқ. Халықтың жағдайы жоқ па әлде оптом жартылай алып жатырма, білмеймін,
Айғаным Мұқашева, сатушы.
Биылғы қыс әлі түспеді. Кей өңірде мал жайылымда жүр. Ет бағасының сәл де болса төмендеуіне жем-шөптің үнемделуі сеп болды,
дейді ет дүкенінің жетекшісі Бекзат Қонысбек.
Бұрынғыдай көп алмайды соғымды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда әжептәуір төмендеп қалды. Алдыңғы жылы бір отбасы 1 мал даже 1,5 мал алатындай шамада болатын. Қазір енді көбісі жарты туша солай алады. Оған себеп — еттің қымбаттауы.
Сонымен, Астанада сүйексіз сиыр етінің келісі 3700 теңгеге дейін барады. Жылқы еті – 4 мың, қой еті — 3400 деп сөрелерге қойылған. Ал жылқы мен қойды тұтас сойып алса, келісі — 2800-ден, сиыр еті 2500-ден келеді. Яғни, соғым алу әлдеқайда үнемді. Бірақ бірден 200-250 келі ірі-қараны сатып алайын десе, екінің бірінің қалтасы көтермейді.
Адал астың қамы үшін ауыл-аймаққа арнайы барып, соғым соятындарды да жолықтырдық. Дегенмен, халықтың басым бөлігі там-тұмдап екі күнде бір келілеп ет алғанды жөн көреді. Жөн көреді дейміз-ау. Мәжбүр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…