Көптеген жоба шенеуніктердің майшелпегіне айналды — Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында кәсіпкерлерді жүйелі түрде қолдау жұмысында бәрін басынан бастап реттеу керек екенін айтты.

Президенттің айтуынша, бұл салада тапсырма 2 жылдан бері орындалмай келеді.

Жүздеген тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет,

деді мемлекет басшысы.

Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдеріне баса мән беретіні айтылды.

Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл — негізі талап. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын авторматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлдем жаңа жүйесі жасалады,

деді президент.

Мемлекет басшысы бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болатынын айтты.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет. Осының бәрін жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылдануға тиіс,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек екенін айтты.

Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкер мен шенеуніктің майшелпегіне айналды. Келісімшарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет,

деді мемлекет басшысы.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago