Categories: Оқиға

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Сот Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша үкім шығарды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы), А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Осиповқа (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім олардың қатысуымен жарияланды. Сот істі «өте құпия»деген белгімен қарады.

Тергеу бойынша мынадай айыптар тағылды: 

Кәрім Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды. Д.Ерғожинге ҚР-да билікті күшпен басып алды, (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген, (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы). Ал М.Осиповке билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген айып тағылды. (ҚК 362-бабының 3-бөлігі).

Сот шешімі

Кәрім Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

А.Садықұлов ҚК – нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Д.Ерғожин ҚК – нің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды. М.Осипов Қылмыстық кодекстің 362 – бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. К.Мәсімов, А.Садықұлов, Д.Ерғожин және М.Осипов генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

Мемлекет кірісіне 10 млрд теңгеден астам қаржы мен 24 млн АҚШ доллары өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған болатын. Бас прокурор Берік Асылов атап өткендей, тәртіпсіздіктер кезінде Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago