Categories: Саясат

Кәрім Мәсімов елден қашуға дайындалды

18 жылға сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғалары кезінде мемлекеттік төңкеріс сәтсіз өтсе, Қазақстаннан ұшып кетуге арналған ұшақ дайындаған.

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің telegram-арнасында дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Кәрім Мәсімовтің тұрғылықты жерінде тінту кезінде жол сөмкесі табылып, оның ішінде Кәрім Мәсімовтің дипломатиялық төлқұжаттары мен эвакуациялық жағдайға дайындалған 350 мың доллар және 50 мың еуро ақшасы болған.

2021 жылдың қазан айының басында және желтоқсан айының соңында К.Мәсімов пен А.Садықұлов билікті күшпен басып алудың қылмыстық жоспары жүзеге аспай қалған жағдайда К.Мәсімовті елден эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырған.

ҰҚК «Арыстан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын қолдану жағдайлары пысықталды.

К.Мәсімовтің 2022 жылғы 5 қаңтарда СУ-95 NRK95100 қызметтік ұшағымен күндізгі уақытта билікті күшпен басып алу әрекеті сәтсіз аяқталса, шетелге ұшуға арналған жасырын оқу-жаттығулар жүргізді.

Мәсімовтың тағы бір орынбасары Ерғожин билікті басып жолындағы зерттеулер өткізді.

Сонымен қатар, К.Мәсімовтің бұйрығымен Д.Ерғожиннің қатысуымен билікті басып алу мақсатында қоғамдық-саяси зерттеулер жүргізілгені белгілі болды.

Олар қатаң құпия түрде жүргізілді, қаңтар оқиғасы кезінде зерттеудің басым бөлігі жойылды, ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен компьютерлер «тазаланды».

Осы NAC Analytica қызметі үшін төлем К.Мәсімовтің осы мақсаттарға арнайы бөлінген жеке қаражатынан жүзеге асырылды,

делінген хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago