Кәрім Мәсімов жөн-жосықсыз қамалған – БҰҰ

Біріккен ұлттар ұйымының жөнсіз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобы Астананы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті «шұғыл бостандыққа шығаратын іс-шара қабылдауға» шақырды. Бұл жөнінде бұрынғы шенеунікті қолдауға арналған онлайн-ресурс хабарлады.

Адам құқығы бойынша жоғарғы комиссар басқармасы сайтында жарияланған жұмыс тобының қорытындысында Кәрім Мәсімовті бостандығынан айыру кезінде Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясының 3, 9, 10 және 11 баптары мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9, 14-баптарына қайшы іс-әрекет жасалғаны атап көрсетілген.

Жұмыс тобының есебінде Мәсімов ісі төңірегіндегі «құпиялық» та сөз болған: Мәсімовтің отбасына іс барысы туралы ақпарат берілмейді, кездесуге де рұқсат жоқ. Мұнан өзге, Мәсімовті қорғаушылар жұмысына да кедергі жасалған. БҰҰ жұмыс тобы «Мәсімовті бостандығынан жөн-жосықсыз айыруға байланысты жағдайды толығымен және тәуелсіз зерттеуге» және «Мәсімовтің құқығын бұзушыларға шара қолдануға» шақырған. Жұмыс тобы «Мәсімовті шұғыл босатып, халықаралық құқық тәртібі бойынша өтемақы алу құқығын беруге» тиіс деп санайды.

Кәрім Мәсімовке «мемлекетке опасыздық жасады», «төңкеріс жасамақ болды», «жемқорлықпен шұғылданды» деген айыптар тағылған.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде ықпалды қызметтер атқарған Кәрім Мәсімов биыл кемінде 238 адам өлген Қаңтар оқиғасы кезінде, 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығынан босатылып, қамауға алынған. Мәсімов пен оның үш орынбасарының үстінен қозғалған қылмыстық іс құпия жүргізіліп жатыр.

26 қазанда ҰҚК баспасөз қызметі Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты қамауды 6 желтоқсанға дейін, Мәсімовтің тағы екі орынбасары – Дәулет Ерғожинді 13 желтоқсанға дейін, Марат Өсіповті 22 желтоқсанға дейін қамауды ұзартқан.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago