Categories: Оқиға

Көршілері 18 жастағы қызды жездесі өлтіргеніне сенбейді

Шымкентте жоғалған 18 жастағы бойжеткеннің денесі өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен табылды. Оны өлтірді деген күдікке студент қыздың туған жездесі ілініп отыр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Түркістаннан Шымкентке келіп оқып жатқан Аида Әбілдә туған әпкесінің үйінде тұрыпты. 4 тамызда үйінен шығып қайта оралмаған соң, ертесіне іздеу жарияланған. Үш күннен кейін туыстары оның мәйітін өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен тапқан. Полицияның мәліметінше, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені төсек жаймасына орап тастаған. 18 жастағы балдызын азаптап өлтірді деген күдікке ілінген 20 жастағы жездесі туралы көршілері жақсы пікірде.

Мен Азаматты бала күнінен білемін. Ол адам өлтірмек түгілі, мысыққа зияны жоқ адам. Былтыр ғана үйленген, төрт-бес айлық баласы бар, үнемі жұмыста болатын. Оның омыртқасы ауыратын, яғни ауыр көтермейтін. Ол қалайша адам өлтіреді? Ал балдызы былтырдан бері үйінде жүрді. Бір ұрысқанын естімегенбіз. Біз Азаматтың азғындыққа барды дегеніне сенбейміз,

дейді күдіктінің көршісі Наталья Япаева.

«ҚР ҚК 99-бабы, «кісі өлтіру» бабымен тіркеліп, барлық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті изоляторға қамалды», — деп хабарлады Шымкент ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батырбек Мырзагелдиев.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago