Categories: Саясат

Күршім ауданының тұрғындары бюллетеньдер арқылы ауылдағы мәселені жеткізбек болған

Мәжіліс пен Мәслихат сайлауын пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары мен сол ауылдан шыққан азаматтар сайлау бюллетеніне өздерін мазалаған мәселені жазып, наразылығын білдірген.

Тұрғындар Маралды ауылында алтын қазатын фабрика салуға қарсы.

Күршімдіктер дауыс беруден бас тартып, бюллетеньдерге бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселені жазып, акция ұйымдастырған. Көбі бюллетеннің сыртына осындай талап қалдырып, ішін айқыш-ұйқыш сызып, бюллетенді жарамсыз қылған.

Айта кетейік, Күршім ауданының тұрғындары алтын өндіру фабрикасының құрылысына былтырдан бері қарсылық танытып келеді.

Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Оған елді мекен тұрғындары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев, Күршім ауданы әкімдігінің өкілдері, депутаттар мен экологтар қатысты.

Фабрика құрылысын жүргізбек ниеттегі компания қызметкерлері жобаның экологиялық талаптарға сәйкес келетіндігін алға тартқанымен, алтынды ашық жолмен өндіру және фабрика салу мәселесі жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

17 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago