Қоғам

«Кабинетінде қыз зорлаған» Күштібаевтың әйелі үндеу жасады

«Мен, Талдықорған қаласының тұрғыны Түкенова Ләззат Сәдекқызымын, жұбайым Күштібаев Марат Әлімқұлұлы қыз зорлады деген жаламен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», дейді ол.

Әйел болған жағдайды былай түсіндіріп, сөзінің соңында ел Президенті Бас прокурор және Ішкі істер министрінен көмек сұрайды:

Күйеуім лауазымдық қызметте болғандықтан, атағы үшін қандай да талабымызды орындайды деп дәмеленген қара ниетті кейбіреулер іс бойынша жәбірленуші деп танылған әйелді құрал ретінде қолданып, материалдық пайда табуды көздеген. Атап айтқанда, бұрын полицияда анықтаушы лауазымында қызмет істеген М. деген еркек және сол әйелдің көңілдесі А. деген еркек, бұрын қылмыстық атқару жүйесінде қызметте болған офицер шенді адамдар ең басынан ол әйелді менің күйеуімнің үстінен арыз жазуға үгіттеп, дәлелдемелерді ойдан құрастырған. Тергеушімен жауап алынған кезде ол әйелдің өзі «арыз жазбаймын, себебі зорлау фактісі болмаған» дегеніне қоймай, олар блогерге хабарласып, оның өзін мәжбүрлеп, автокөлікпен полицияға жеткізгенін айтқан. Алайда тергеуші ол деректі тексермей, жасырып қалған. Сол әйелдің маңайындағылардың лас әрекетінің көрінісі, әйелдің көңілдесі А. деген еркек менімен өзі хабарласып, «ол әйелге шындықты айтқызамын» деп менен 5 мың доллар сұрап, мен тек 1 мың доллар ғана тауып бергеннен кейін хабарсыз кетті. Кейін ол менің жұбайымның інісіне жәбірленуші әйел екеуі видеоқоңырау арқылы хабарласып, әр кездескен сайын жолына, анаған-мынаған деп тағы да 2,5 млн теңгесін алдап иемденген. Одан басқа, жәбірленушісымақ әйелдің өзі менің жұбайыма қатысты істі қараған судьяның хатшысына өзі шығып (оны маған хатшының өзі айтты), ақшаны тек хатшы арқылы аламын деген соң, мен 40 млн теңге ақшаны соттың хатшысына берген болатынмын. Алайда жәбірленуші әйел ол ақшаны алып, сот процесіне қатыспай, жалтарды.

Осы заңсыз әрекеттердің бәрі пайда табу мақсатында бір топ адамдардың ұйымдастыруымен болып отыр. Мен хатшы қызға сеніп, ешқандай күмәнсіз 40 млн теңгені бердім. Оған мен мәжбүр болдым. Себебі тергеу әрекеттері біржақты жүрді. Прокуратура тарапынан да тек айыптау бағыты ұсталды. Тергеу кезінде болған заң бұзушылықтар туралы адвокаттардың жазған өтініш хаттарының біреуі де қаралмады. Сот барысында сол жағдайлар орын алды. Қорғаушылардың келтірген ешбір уәждерін сот назарына алмай, тек прокурордың айыптау актісінің негізінде шешім шығарды. Осы болған жағдайлар бойынша мен А. деген азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасына сәуір айының 22-сінде, ал сот хатшысы С. деген азаматшаға қатысты мамыр айының 4-інде арыздар жазған болатынмын. Қазіргі уақытта екі жағдай бойынша қылмыстық іс Жетісу облыстық полиция департаментінің қарауында. Алайда аталған азаматтардың алаяқтық әрекеттерін дәлелдейтін тікелей деректер бола тұра, тергеушілер мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру қасақана созбалаңға салынып отыр. Осы мәселемен облыстық прокуратурада да болдым. Әзірге ешқандай шара қолданылған жоқ. Менің түсінгенім, полиция қызметкерлері менің жұбайыма жала жабылғанын істің басынан-ақ анық біле тұра, істі сотқа жеткізіп, заңсыз үкіммен оны соттатып, енді шындықтың ашылуына мүдделі болмағандықтан менің арыздарым бойынша тергеу жүргізбей, қасақана кедергі келтіріп отыр.

— Құрметті Президент мырза, Бас прокурор, Ішкі істер министрі, осы заңсыздықтарды жойып, алаяқтардың заң алдында қылмыстық жауапқа тартылуын қамтамасыз етуіңізді сұраймын,

дейді Ләззат Түкенова.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago