Каирде Бейбарыс сұлтан мешіті ашылды

Мысыр астанасы Каирде Сұлтан Байбарыс бабамыздың мешіті қайта ашылды.

Мерейлі іс-шара аясында Сұлтан Байбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Мәртебелі меймандар мен қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен ғалымдар қатысқан тарихи рәсімде Парламент Сенатының Төрағасы Маулен Ашимбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың іс-шараға қатысушыларға арнаған жылы лебізін оқып берді.

Баһадүр Байбарыс бабамыз – ислам әлемінің қорғанына айналған араб-ғажам және түрік сұлтаны, қос құбылаға бірдей қызмет қылған асыл діннің алдаспаны. Кейбір мұсылман тарихшылар оны пайғамбар әскерінің жеңімпаз қолбасшысы Халид ибн әл-Уалид және әйгілі сұлтан Салах-ад-дин Аюбимен салыстырады. Мұсылман тарихшылар арасында Байбарыс жеңіске жеткен Айн-Жалут соғысын пайғамбар заманындағы атақты Бәдр шайқасына теңеушілер де бар.

Мұсылман әлемінің қасиетті жерлерінің бәрін де санасында тұтып, қастерлерген сұлтан құлау қаупі төнген Мәдинадағы пайғамбар мешітін жаңғыртып салып, Иерусалимдегі жартас күмбезін қалпына келтірді. Сондай-ақ Аджлун, Рамала мешіттерін және Хомстың ұлы мешітіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Байбарыс ислам әлемінің тарихи тұлғаларын да назардан тыс қалдырған жоқ. Иерихон маңындағы Мұса пайғамбар қабірі, Ябнадағы Әбу Хурайра, Керак маңындағы Жапар ибн Абу Талиб қабірлерін қалпына келтіріп, Барғас, Антиохия және Қара шіркеулерінің орынына мешіттер салды.

Ұлы билеушінінің мұсылман әлеміне жасаған тарихи қызметін ұлықтап жатқан бүгінгі іс-шараның мәні мен маңызы зор.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago