Мәжіліске сайлау осы аптада өтеді. Пікірталастың көп бөлігі, сайлауалды бағдарламаларды талдау артта қалды… Ал кейбір бақылаушылар тіпті қорытынды жасап үлгерді.
Мәселен, танымал блогер және журналист Кирилл Павлов былай деп жазады:
«Егер пікірталасқа хронологиялық тәртіпте қарасақ, онда біз әрине өсіп келеміз. Теледидардағы өткен даулар алтыншы сыныпқа ұқсайтын – мұғалім есіктен шыға салысымен айқай-шу, дауыспен алуға тырысу немесе аса популистік нүктелерге басу.
Ағымдағы пікірталас жоғары сынып оқушыларының өздері ұйымдастырған ертеңгіліктегі мінез-құлқына көбірек ұқсайды, бірақ бас мұғалімнің қатысуымен. Бұл терминді әркім өздігінше түсініп, бір-біріне «сыйластық» танытуда, бұрынғы алған жаман бағаларын, жазғы сабақтардан қашуын, өзгелерден көшіріп алған шығармаларын еске түсіруге тырысып әлек».
Партиялар жайлы
«Байтақ – маңызды мәселелерді көтеретіні сөзсіз. Бастапқы проблемалар – экология және оны сақтау, бірақ қалған мәселелер БҚО-дағы су тасқынындағыдай жүзіп жүр. Менің түсінгенімше, экономика және әлеуметтану мәселелері оттың жанында сылдырмақпен билеп немесе жора-жолдастарына жасыл шарф кигізу арқылы ғана шешілетін сияқты.
Айтпақшы, «экологтар» көшеде қағазды басқалардан аз таратып жүрген жоқ, сондықтан бұл орайда бірінші өздерінен бастағандары жөн болар еді.
«Республика» өздерінің бизнесмен екендігін және бір нәрсені жақсы сататынын немесе өндіре алатынын алға тартады. Бірақ сайлауда жеңіске жеткен жағдайда олардың біреуі депутат болып, Мәжіліске кететінін ойламайды, ал онда дегенмен үлкен саясат және одан қайтадан бизнес жасаудың қажеті жоқ.
ЖСДП (әлде қалай, мен оларды әлі де шатастырамын) Сенатты алып тастауды ұсынады, бірақ менде одан да жақсы ұсыныс бар – Сенаттың кеңсесін «құбылмалы» қылып қою керек. Қызылордада жарты жыл, Өскеменде жарты жыл, осылайша әрбір облыс орталықтарында тұрсын, анда-мында тұрып көрсін. Кем дегенде жолдар жөнделеді және өңірлерде интернет пайда болады.
Халықтық партия бізге «норвегиялық социализмді» ұсынады, бұл мен үшін «жапон палауы» немесе «есірткіге қарсы рок» сияқты. Виртуалды шаршы глобусқа үкінің тұлыбын кигізу әрекеттері секілді.
«Бугатти мырза», мойындау керек, харизмасы жеткілікті. Бірақ басқа түгі жоқ. «Ауыл» партиясының көшбасшысы қалада тұрады, ал олардың көсемдерінің көпшілігінің ауыл шаруашылығына қатысы жоқ, бірақ олар арзан галстук тағып алсақ ауыл тұрғындары арасында білінбей кетеміз деп ойлайтын сияқты.
«Аманат» тіпті қиналған жоқ. Олар жұртты қалай күлдіріп, бақытты ету керектігін жақсы біледі. Мысалы, интернетті бір аптаға өшіріп, артынан бір-екі әлеуметтік желіге рұқсат береді. Немесе осы сияқты басқа да қуаныштар сыйлайды.
Мен келесі пікірталастарда тіпті «мектеп директоры» экранға қарамайтындай етіп көрсетуді ұсынамын. Бәлкім, төбелесіп те қалар, есесіне саяси өсудің тағы бір кезеңін еңсереді. Бірақ мен тым асығып кеткен шығармын, мүмкін ең басты төбелестер бізді Мәжілісте күтіп тұрған шығар».
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…