Сурет: Nur.kz
Биыл маусымда қаруланған белгісіз ер адам елордадағы Kaspi Bank ғимаратына шабуыл жасаған еді. Бұл жағдай қоғамды дүрліктіріп, оқиға орнына еліміздің Ішкі істер министрі мен елорда әкімі келді. Бүгін іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.
Айта кетсек, зардап шегушілер мен айыптының адвокаты сот процесін видеоға түсіруге қарсы шықты, ал айыпты Әлихан Мурадов түсірілімге қарсылық білдірмеді.
Сотталушыға тағылған айыпты прокурор Ақшораев оқыды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Ә. Мурадов дәрі-дәрмек қолдану арқылы өзін-өзі өлтіру жөнінде шешім қабылдаған. Бірақ препараттың қажетті әсерін алмағандықтан банкті басып алу жоспарын ойлап тапты. Ол банктен мұқтаж жандарға қаражат талап еткісі келді, содан кейін оны ұстау кезінде қызметкерлер атып тастайды деп ойлады. Ә. Мурадов қолда бар құралдардан жарылғыш құрылғының муляжын жасады. Сыйлық дүкенінен жеңіл тапанша сатып алған. Сол арқылы банк бөлімшесіне шабуыл жасап, банк қызметкерлерін кепілге алды. Осылайша Ә. Мурадов ҚР Қылмыстың кодекстің 261-бабы, 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген әрекетке барды (кепілге алу),
деп атап өтті ол.
Сот барысында зардап шеккендердің де пікірі тыңдалды.
Шынымды айтсам, мен және басқа да кепілге алынған қыздар психологиялық тұрғыдан қатты қорқып қалдық. Сондықтан айыптыны кешірдім деп айта алмаймын, шешімді соттың қалауына қалдырамын,
дейді жәбірленуші Анастасия Лукьянова.
Өз кезегінде айырталушы кешірім сұрады.
Кешірім сұрағым келеді. Ешкімге зиянымды тигізгім келмеді,
деді өз кезегінде Әлихан Мурадов сот алдында.
Еске сала кетсек, биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы Kaspi Bank ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап отырды.
Араға уақыт салып аталған банктің баспасөз қызметі ғимаратта клиенттердің жоқтығын және полиция қызметкерлерінің күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Оқиға орнына Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов барып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері кепілдегі азаматтарды босатты.
23 тамызда Kaspi Bank ғимаратына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс сотқа жетті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…