Оқиға

Kaspi Bank ғимаратын басып алған жігіт оның алдында өзін өлтіру үшін дәрі ішкен

Биыл маусымда қаруланған белгісіз ер адам елордадағы Kaspi Bank ғимаратына шабуыл жасаған еді. Бұл жағдай қоғамды дүрліктіріп, оқиға орнына еліміздің Ішкі істер министрі мен елорда әкімі келді. Бүгін іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.

Айта кетсек, зардап шегушілер мен айыптының адвокаты сот процесін видеоға түсіруге қарсы шықты, ал айыпты Әлихан Мурадов түсірілімге қарсылық білдірмеді.

Сотталушыға тағылған айыпты прокурор Ақшораев оқыды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Ә. Мурадов дәрі-дәрмек қолдану арқылы өзін-өзі өлтіру жөнінде шешім қабылдаған. Бірақ препараттың қажетті әсерін алмағандықтан банкті басып алу жоспарын ойлап тапты. Ол банктен мұқтаж жандарға қаражат талап еткісі келді, содан кейін оны ұстау кезінде қызметкерлер атып тастайды деп ойлады. Ә. Мурадов қолда бар құралдардан жарылғыш құрылғының муляжын жасады. Сыйлық дүкенінен жеңіл тапанша сатып алған. Сол арқылы банк бөлімшесіне шабуыл жасап, банк қызметкерлерін кепілге алды. Осылайша Ә. Мурадов ҚР Қылмыстың кодекстің 261-бабы, 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген әрекетке барды (кепілге алу),

деп атап өтті ол.

Сот барысында зардап шеккендердің де пікірі тыңдалды.

Шынымды айтсам, мен және басқа да кепілге алынған қыздар психологиялық тұрғыдан қатты қорқып қалдық. Сондықтан айыптыны кешірдім деп айта алмаймын, шешімді соттың қалауына қалдырамын,

дейді жәбірленуші Анастасия Лукьянова.

Өз кезегінде айырталушы кешірім сұрады.

Кешірім сұрағым келеді. Ешкімге зиянымды тигізгім келмеді,

деді өз кезегінде Әлихан Мурадов сот алдында.

Еске сала кетсек, биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы Kaspi Bank ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап отырды.

Араға уақыт салып аталған банктің баспасөз қызметі ғимаратта клиенттердің жоқтығын және полиция қызметкерлерінің күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов барып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері кепілдегі азаматтарды босатты.

23 тамызда Kaspi Bank ғимаратына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс сотқа жетті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago