Categories: Қоғам

Каспий теңізінің суы неге тартылып жатыр?

Каспий теңізінің тартылуының бірден-бір себебі — планетаның бүкіл солтүстік жарты шарын шарпыған климаттың жылынуы. Бұл туралы Экология және табиғи ресурс министрлігі айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

2006-2020 жылдар аралығында Каспий теңізінің су айдынына жауын-шашын аз түсті, ал булану процестері анағұрлым қарқынды болды, сонымен қатар, Еділ өзенінің бассейніндегі суы аз жылдарға байланысты орташа су ағыны да аз болды

делінген хабарламада.

Осы проблемаларды шешу үшін трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы барлық трансшекаралық өзен бойынша, оның ішінде Жайық (Орал) өзені бассейні бойынша жұмыс топтары құрылған.

«Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары шеңберінде Жайық-Каспий бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Осы кезеңде өткізілген іс-шараларға 98 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Айта кетейік, Ресей тарапы да осындай шаралар қабылдап жатыр,

деді министрлік өкілдері.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago