Фото: inform.kz
Каспий итбалықтарының қырылу фактісі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімінде 2022 жылғы 7 қарашада тіркелді.
Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий жағалауынан 130-дан астам итбалықтың ұшаларын тапты.
8 қараша күні Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, Түпқараған ауданы жергілікті атқарушы органдары, полиция бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, Гидробиология және экология институты, Маңғыстау облысының Экология департаменті, Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімшелері, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы өкілдерінен құралған комиссия өлген итбалықтар анықталған Түпқараған ауданына барған.
Қазіргі уақытта ғылыми институттар мен ұйымдардың, сондай-ақ ветеринария бөлімінің қызметкерлері гидробиологиялық, гидрохимиялық талдаулар жасау үшін жануарлар өлген жерде су мен топырақтан сынама алды, сондай-ақ гистологиялық және токсикологиялық зертханалық зерттеулер жүргізуге тіндер, оның ішінде ішкі ағзалар алынды,
делінген мәліметте.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…